34 жастағы финляндиялық әйел ең жас премьер-министр атанбақшы
Финляндияның жаңа премьер-министрі болып 34 жастағы Санна Марин тағайындалмақшы екен. Қазіргі уақытта ол транспорт және байланыс министрі болып қызмет атқарып жүрген көрінеді. Марин социал-демократиялық партияның отырысы кезінде премьер-министр ретінде сайланыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Санна Марин бұл қызметке үміткер екінші кандидат Антти Линдтманды небәрі үш дауысқа басып озған. 34 жастағы Марин әлемдегі ең жас премьер-министр атанбақ. Қазіргі таңда бұл дәреже Украинаның премьер-министрі Алексей Гончарукқа тиесілі.
Марин - әкімшілік ғылымдарының бакалавры, саясатқа деген қызығушылығын ерте бастан танытқан. Ең алғаш парламент құрамына 2015 жылы еніпті.
Бұл жағдайға байланысты Финляндия мемлекетінің үкіметін матриархаттық болып кетті деп айтқандар бар көрінеді. Себебі басқа басқармалық партиялардың да басшылары әйелдер екен.
Санна Марин жаңа қызметіне президент қол қойған соң барып кіреседі.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"