Шымкенттік тұрғын қарбызбен бірге есірткі өсіріп сатқан

Шымкенттік тұрғын қарбыз арасында есірткі өсірумен айналысқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Қарасора - 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында каннабис тобындағы есірткілерді дайындаудың тағы бір фактісі анықталды.
Ол өз үйінің аумағында "гашиш" пен "марихуана" секілді каннабис тобындағы есірткіні өсіріп, сатуға дайындаған. Тінту барысында ауыл шаруашылығы дақылдарының арасында жасырылған құрамында есірткісі бар шамамен 130 түп өсімдік табылды. Сондай-ақ шаруашылық құрылыстарынан 330 килограмнан астам есірткі шикізаты және әрі қарай сату үшін буып оралған дайын өнім тәркіленді.
Оқыңыз“Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің екі бабы – есірткіні өткізу мақсатында сақтау және құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде қылмыстық әрекеттің барлық мән-жайы, ықтимал өткізу арналары және заңсыз сызбаға қатысы бар басқа да күдіктілер анықталып жатыр”, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.
"Төсеме деп айтқаным үшін әкемнен сөз естідім": Қазақстандықтар етеккір туралы айтуды "ұят" көретіндерді сынады