33 жылдан кейін әйелдің өлімі қайта тергеліп, күйеуі күдікті атанды

33 жыл бұрын жазатайым оқиға деп жабылған әйел өлімі қайта қаралып, оның күйеуі басты күдікті ретінде танылды. Тергеушілер сонымен бірге осы адамға қатысы болуы мүмкін тағы бір ескі кісі өлтіру ісін де тексеріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі kptv.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.
1993 жылы АҚШ-тың Орегон штатында көз жұмған әйелдің ісі 33 жылдан кейін қайта қаралып, оның күйеуі басты күдікті ретінде аталды. Сонымен қатар, тергеушілер оған қатысы болуы мүмкін тағы бір ескі қылмыстық істі тексеріп жатыр.
1993 жылдың 2 шілдесінде Орегон штатының Грешем қаласында 45 жастағы Астрид Бриджес өз үйінің сыртынан ес-түссіз күйде табылған. Сол кезде оның өлімі жазатайым оқиға деп танылып, баспалдақтан құлап, шатырдың су ағарларын тазалап жүргенде қайтыс болды деген қорытынды жасалған.
Алайда Грешем полициясы қазір істі қайта қарап, Астрид Бриджестің өлімін адам өлтіру ретінде тергеп жатыр. Полиция оның күйеуі Джон Бриджесті осы іс бойынша күдікті деп жариялады.
Тергеушілердің айтуынша, 1993 жылы болмаған жаңа криминалистикалық әдістер мен тергеу технологиялары істі қайта қарауға мүмкіндік берген.
ОқыңызПолиция қызметкерлері қазір Миссури штатында тұратын Джон Бриджестің үйіне тінту жүргізу туралы санкция орындаған. Сонымен қатар, олар Кентукки штатындағы тергеушілермен бірлесіп, оның бірінші әйелі Джойс "Мейбл" Бриджестің өлімін де қайта зерттеп жатыр.
Джойс Бриджестің қазасы да алғашында жазатайым оқиға деп танылғанымен, кейін оның адам қолынан қаза тапқаны анықталған. Алайда бұл іс бойынша Джон Бриджестің ресми түрде күдікті ретінде танылғаны әзірге хабарланған жоқ.
Марқұм Астридтің бұрынғы көршілері бұл жаңалықтың өздері үшін күтпеген жағдай болғанын айтады. Олардың сөзінше, ерлі-зайыпты тыныш әрі сыпайы адамдар ретінде көрінген және ешкім күмәнданбаған.
Қазір Джон Бриджес Миссури штатында тұрады. Ол әзірге қамауға алынған жоқ. Грешем полициясы Астрид Бриджестің өліміне қатысты қандай да бір ақпараты бар азаматтарды құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырды.
Еске салайық, бұған дейін Чжао Цзиньцянь 2019 жылы үш жасар баланы құтқармақ болып алты метр биіктен құлап, ауыр бас-ми жарақатын алған еді. Содан бері ер адам бес жыл комада жатса, әйелі Сун Мэй бір күн де жанынан кетпей күтім жасап, түрлі әдіспен есін жиғызуға тырысқан. 2026 жылы ер адам алғаш рет әйеліне "Мен сені жақсы көремін" деп сыбырлап, қалпына келе бастаған.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін