Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"3 вилла мен 2 пәтер өздерінде қалатын болды": Алматыда аппелияциялық сот мемлекет тәркілеген мүлікті өздеріне алуға тырысқан шенеуніктердің жазасын жеңілдетті

Алматы сотында Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бұрынғы орынбасары, әкімнің орынбасары мен қаржы басқармасының бұрынғы бастығының аппелияциялық шағымы қаралды. Олар бұрын мемемлекетке тәркіленген мүлікті иемденгені үшін сотталған. Аппелияциялық сот олардың шағымын қанағаттандырып, жазаларын қысқартып, алған мүліктерін өздеріне қалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: iStock

Kozachkov offside Telegram арнасының мәліметінше, сот әкімнің бұрынғы орынбасары Ілияс Үсеров, қалалық ҰҚКД бұрынғы орынбасары Талғат Мұханов пен қаржы басқармасының бұрынғы бастығы Айнұр Құдайбергенованың атышулы ісі бойынша апелляциялық шағымын қараған. Үшеуі де бұрын мемлекеттік мүлікті сатудағы алаяқтық үшін сотталған. 

“Өткен күзде Медеу аудандық сотында Алматының бұрынғы әкімі, қазір Швейцарияда тұратын оппозиционер Виктор Храпуновтың "Эдельвейс" элиталық шағын ауданында орналасқан жалпы құны 819 миллион теңге тұратын 3 коттедж және 2 пәтері тәркіленген.

Антикордың тергеуі анықтағандай, Храпунов сырттай сотталғаннан кейін оның мүлкі мемлекет меншігіне өтті. Ал қымбат мүлікке ҰҚКД бастығының орынбасары Талғат Мұханов көз салған. Тергеу деректеріне сенсек әкімнің орынбасары Усеров пен қаржы басқармасының бұрынғы бастығы Айнұр Құдайбергенова Мұхановқа активтерді төмен бағада сатып көмектескен”, – делінген жазбада. 



Деректерге сүйенсек, қантардан кейін Антикор ҰҚК қызметкеріне алаяқтық жасады, ал шенеуніктерге бұл қылмысқа көмектесті деген айып таққан. Өткен жылдың қыркүйегінде Усеров пен Құдайбергенова 5 жыл, ал Мұханов 8 жылға сотталған. Сот залал өтелсе де, іс қозғалған объектілерді тәркілеген.

“Ал осы жылдың ақпан айында іс қалалық сотқа келіп, онда апелляция 5 айға жуық жүргзілді. Нәтижесінде Мұхановқа лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін, ал Усеров пен Құдайбергеновке - оған жәрдемдескені үшін жаза қайта қаралды. Мерзімдері де өзгеріп, 8 - ден 6 жылға дейін, ал шенеуніктерге 5-тен 4жылға дейін төмендеді. 
Тағы бір маңызды мәселе 3 вилла мен 2 пәтерді мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім жойылды. Яғни, жылжымайтын мүлік иелерінде қалатын болды. Үкім заңды күшіне енді”, – делінген жазбада. 

Талқылау