Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"250 мың теңгеге сатып алды": Диана Исмаил Ерке Есмахан орындайтын "Қайда"әнінің тарихын айтып берді

Белгілі сазгер, әнші Диана Исмаил хитке айналған Ерке Есмаханның “Қайда” әні туралы сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Өнер иелерінің жеке парақшасынан алынды

Өнер иесі Динара Сәтжанға сұхбат беріп, өнерге қалай бет бұрғанын айтып берді. 

“Қазақстан дауысынан" кейін мені халық тани бастады. Ол кезде 1-курс студентімін. Ол байқаудан кейін жаңа ән сатып алуға қаражатым болмады. Студияға жарыққа шықпаған бірнеше ескі әнімді апарғанда әнші Ерке Есмахан да сол студияға келіп менің әнімді естіп қалыпты. Кейін маған хабарласты. "Ерке деген әпкең боламын, сен әніңді шығарайын деп жатырсың ба?" деп сұрады, сатып алғысы келетінін айтты. Ол әнді мен 15 жасымда жазған едім. Әннің бағын әнші ашты. 160 миллион қаралым жинап тұр", – деді Диана Исмаил. 



Содан кейін Ерке Есмахан әннің бағасын айтып, студент қыздан сатып алған көрінеді. 

“2016 жылы студент кезім болатын. Сол әнді 300 мыңға бағаласам, қымбат болар деп, 250 мыңға Ерке сатып алды. "Маған сол кезде бұл сома үлкен ақша боп көрінді. Ол кезде қатарластарым даяшы боп жұмыс істейді. Мен әлгі жерде 250 мың теңгені алған соң "бұл ақшаға не істеуге болады?" деп көп ойландым. Америкаға барсам ба екен, кеме жалдасам ба екен, ақша жинап, көлік алсам ба екен деп ойладым. Қазір де жап-жақсы ақша сияқты", – деп күлді ән авторы. 

Айта кетейік, Диана Исмаилдың “Ұйқым келмейді” әні көпшіліктің талқысына түскен еді. 

Талқылау