21 шілдеде телеарналар мен радиолар хабар таратуды тоқтатады
21 шілдеде Қазақстанның барлық аумағында телерадио хабар тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"2021 жылдың 21 шілдесінде сағат 03.00-17.00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Бұл уақытта Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады", – деп хабарлайды ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, "Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Ал тоқсан сайынғы жоспарлы профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақытқа өшіруге мүмкіндік береді. Сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"