Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2025 жылға қарай Қазақстанда зейнетақы орта есеппен 27 пайызға өседі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қарияларымызды мерекелерімен құттықтады. Министр өз кезегінде ұсынылып отырған шаралардың 2025 жылға қарай зейнетақының жалпы көлемін орта есеппен 27%-ға арттыруға мүмкіндік беретінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол қарттарға қамқорлық мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі екенін атап өтті. Министрдің сөзінше, базалық және ынтымақты зейнетақы жыл сайын өседі. Бұл мақсаттарға бюджеттен 3 триллион теңге бөлініп отыр. Сонымен қатар ол биылғы жылы зейнетақы төлемдерін индекстеу екі рет жүргізілетінін айтап өтті.

Бұл ретте министрлік мемлекет зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды дәйекті түрде қабылдап жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау мақсатында Әлеуметтік кодекс жобасы аясында зейнетақы төлемдерін арттыру тетіктері қарастырылған. Ұсынылып отырған шаралар 2025 жылға қарай зейнетақының жалпы көлемін орта есеппен 27%-ға арттыруға мүмкіндік береді. 



Өз кезегінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қарттарды қолдау, оларға әлеуметтік қызмет көрсету деңгейін көтеру, қоғамдық өмірге тарту шараларын жүзеге асыруда. Республикада егде жастағы адамдар өздерін қызықтыратын іс-шараларды таба алатын 51 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашық және белсенді жұмыс істейді.

 Бұл ретте Тамара Дүйсенова ардагерлерді мерекелерімен құттықтап, зейнеткерлерге зор денсаулық, ұзақ өмір, бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Талқылау