Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарттар күні мерекесіне орай зейнеткерлер қаржылай көмек алады

Зейнеткерлер Қарттар күні мерекесіне орай қаржылай көмек алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

189 мыңдай қартқа үкімет 1 миллиард 600 миллион теңге бөледі. Бір реттік әлеуметтік төлемді алу бақыты тек Астана қаласы мен 12 облыстың зейнеткерлеріне бұйырып отыр.

Бір реттік әлеуметтік қолдаудың мөлшері әр өңірде әр түрлі. Мәселен, Астана қаласының әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, елордалық 91 мыңнан астам қарт 8 мың теңгеге жуық алады.

Былтыр сома үш мың теңгеге көп болған. Бұған 730 миллион теңге жұмсалыпты. Ал не себепті біржолғы төлемді қалған екі қала мен екі облыстың қарттары алмайтынын еңбек министрлігі нақтылаған жоқ.

Елімізде зейнетке шыққан 2,2 миллион адам бар. Биыл оларды қолдауға 4,7 миллиард теңге қарастырылған.

Бұл сома зейткерлерді азық-түлік, дәрі-дәрмекпен қамтуға, санаторий, курортқа емдеуге жіберуге, тұрғын үй жөндеу, отынмен қамту сияқты жұмыстарға жұмсалады.

Талқылау