Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2024 жылы Ұлттық қордан қанша бала қанша көлемде төлем алады?

Қаржы министрлігі 2024 жылы қанша бала білім алу және тұрмыс жағдайын жақсарту үшін Ұлттық қордан төлем алатынын есептеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаржы министрлігі бюджеттік кредиттеу, ұлттық қор және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазинов бастаманың негізгі идеясы келешек ұрпаққа ұлттық байлықты бөлу. Бұл баланың ересек кезеңге аяқ басқанда бастапқы капитал болады деп есептейді. 

"2024 жылы алдын ала есептеулер бойынша 250 мыңнан астам жас қазақстандық оқу ақысын төлеу немесе тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін Ұлттық қордың қаражатын пайдалана алады", - деді ол.

Айта кетсек, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Ұлттық қор – балаларға" жобасы ресми іске қосылды. Алдын ала мәлімет бойынша жоба алғашқы жылдың өзінде 7 миллионнан астам баланы қамтиды. 18 жылдағы инвестициялық табыстың 50%-ы бала санына қарай бөлінетіні ескеріле отырып, бір балаға шаққандағы аударымдар мөлшерін есептеу мен анықтауға шамамен бір ай қажет болады

2024 жылы 18 жасқа толатын балалар "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында шамамен 160-170 доллар алады. Ал 2023 жылы туғандар кәмелеттік жасқа толғанда 3,5-4 мың АҚШ доллары көлемінде қаражат ала алады.



Бұл бағдарламаның қазақстандықтар үшін ыңғайлылығы сонда, олардан арнайы шот ашу немесе құжаттар жинау талап етілмейді. Әрбір балаға "Жеке тұлға" мемлекеттік мәліметтер базасы деректері негізінде автоматты түрде БЖЗҚ (enpf.kz) арқылы жеке шот ашылады. Егер баланың әке-шешесі ажырасып кетсе — онда қосымша құжаттар немесе сол сияқты анықтамалар талап етілмейді.

Бағдарлама аясында алынған қаражатты кәмелеттік жасқа жеткен қазақстандықтар ЖОО мен колледждердегі оқу ақысын төлеуге, сондай-ақ тұрғынүй жағдайын жақсартуға жұмсай алады. Егер 18 жасқа толған азамат қаражатын рұқсат етілген мақсаттарға қолдануды қаламаса, онда ақша шотында 10 жыл сақталады. Осы мерзім аяқталған кезде жинақ алушының зейнетақы шотына аударылады.

Талқылау