Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қымбат көлік пен бағалы мүлік сатып алған қазақстандықтар енді салық төлейді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жариялап, 2023 жылы елде жаңа салық кодексінің дайындалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Президент салық кодексіндегі салықтық әкімшілендіру бабында мәселенің көп екенін атап өтті. 

"Тұрақты экономикалық өсім тікелей салық саясатына байланысты. Қазыналық реттеуді қайта жүктеу мақсатында 2023 жылы жаңа салық кодексі дайындалады. Ондағы мәселе ең көп салықтық әкімшілендіру бабы толығымен жаңаруы керек", – деді ол. 

Сонымен қатар Тоқаев салық бақылауын толықтай цифрландыру керегін айтты. 

"Сондай-ақ, кез келген өзара іс-қимылды болдырмай, салықтық бақылауды толық цифрландыруды қамтамасыз ету қажет. Тағы бір басымдық – салықтық ынталандырудың тиімділігін арттыру. Бұл үшін экономиканың түрлі секторларында дифференцияланған салық ставкасына өту керек", – деп қосты Тоқаев.  

Тоқаев сондай-ақ орта тапқа әсер етпейтін сәнге салынатын салық енгізуді ұсынды.

Қазақстан басшысы өркениетті сауданы дамыту үшін барабар мөлшерлемелері мен қарапайым рәсімдері бар бөлшек сауда салығын қолдануды кеңейту керектігін айтты.

"Салық реформасының бөлігі ретінде сәнге салынатын салық түрін енгізуді қарастыру маңызды", - деп қосты президент.

Оның сөзінше, салық қымбат жылжымайтын мүлік пен көліктерді сатып алудан алынады және орта тапқа әсер етпейді.

Талқылау