Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2021 жылы Арапа қашан болады?

2021 жылы Арапа күні 19 шілдеге сәйкес келеді. Арапа артықшылығы жағынан жұма күніне ұқсас. Бұл күннің қасиеті жайында "Арапа - жұма күнінен басқа күні жасалған 70 қажылықтан артық" делінген.

Арапа күні Құрбан айттан бір күн бұрынғы күн. Бұл күні мұсылмандар Құрбан айтқа дайындалады. Құлшылық етеді. Дұға тілейді. Бұл күнгі ең сауапты амалдардың бірі - ораза ұстау. 

"Арапа күні ораза тұтушыға Адам пайғамбардан (яғни алғашқы адамнан) Қиямет сырнайы үрленгенге дейін өмір сүрген бүкіл адамдар санының екі есесіндей сауап жазылады", - делінген хадисте. 

Арапа күнінің қасиеті жайлы көп хадисте айтылған. Бұл күні қазақ халқы бауырсақ пісіріп қана қоймайды. Дұға етіп, тәубе тілейді. Себебі әзірет Әли (р.а.) Арапа күні тозақ отынан көп адам құтқарылатынын ескертіп кеткен. 

"Арапа Алла қадірлі еткен қасиетті күн" деп көрсетілген Пайғамбар өсиетінде. 

Меккеге аттанған мұсылман жұрты Арапа күні түс ауған соң Арафат тауына жиналады. Мұнда күнәлары үшін кешірім тілеп, дұға етеді. Арапа атауы осы Арафат тауының атымен аталады.


Талқылау