Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2020 жылы 4 баладан көп отбасына жәрдемақы қалай төленеді

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда кәмелетке толмаған 4 баласы немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент баласы бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы беру жоспарлануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: пресс-служба акимата Атырауской области

Бұл туралы әлеуметтік көмек бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру сұрақтары бойынша өткен мәжілістегі үкімет сағатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

Аталған жәрдемақы отбасы кіріс есебіне қарамастан, сараланған бағада берілетін болады: 4 балалы отбасы - 42 496 тг, 5 балалы - 53 127 тг, 6 балалы - 63757 тг, 7 балалы - 74 388 тг.

Әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа түрі квартал сайын мекен-жай бойынша көмек көрсетуді тағайындау арқылы, межелі критерийді сақтау арқылы - күнкөріс көзінің сомасы бойынша әр отбасы мүшесінің жан басына шаққандағы кірісі 70 пайыздан кем болмауы керек, отбасы мүшелеріне көрсетілетін көмек көлемі жан басына шаққандағы кіріс пен кедейлік шегі бойынша анықталады, еңбекке жарамды азаматарға талапты күшейту, олар жұмысқа тұрмаған жағдайда әлеуметтік көмек беру тоқтатылады. 3-7 күн бойы отбасының материалдық жағдайы зерттеледі, бұл процессте комиссия мүшелерінің жұмысын күшейтіледі. 


Тағы оқыңыз


"Әлеуметтік көмек көрсету барысында жағдайы төмен отбасыларынан шыққан балаларға, оның ішінде 1-6 жас аралығында азық-түлік пен гигиеналық заттар, 6-18 жас аралығында мектепте ыстық тамақ, оқу құралдары мен мектеп формасы, одан бөлек жол шығындарын өтеу көзделген. Медициналық көмек, стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мен тегін медициналық көмек негізінде жүзеге асады", - деді Біржан Нұрымбетов.

Талқылау