Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2016 жылы Қазақстанда түсірілген таңдаулы видеолар

2016 жыл түрлі қызықты да қайғылы оқиғаларымен есте қалды. Десе де, аталған жылда жақсы оқиғалардың көбірек болғаны сөзсіз. Оған төмендегі Stan.kz топтастырған видеолар дәлел.

Тойда билеген Мейрамбек ғаламторды «жарды»

Жуырда  Мейрамбектің інісі Мейірбек Беспаев отау құрып, шаңырақ көтерген еді. Шиелінің қызы Мейрамбектің үйіне келін болып түсті. Мейрамбек қайын ата, Мархабат қайын ене атанды. Жұрт ата-аналары тірі бола тұра, Мейрамбек пен Мархабаттың ата-ене атанғандарын түсінбей дал болды. Алайда кейбір оқырмандар үйленген жігіттің Мейрамбектің ағасының ұлы екендігін, ата-анасы болмағандықтан, Мейрамбектің қолында өскендігін айтып еді. Думанды тойда түсірілген видеоны жұрт қайталап көруден жалығар емес.

Жетімдер әнін шырқаған Нұрмұхаммед қазақстандықтардың жүрегін елжіретті

Мейрамбек Беспаевтың шәкіртінің “Бүлдіршін тілегі” атты әні “Мейірім аңсағандар” атты кинофильмнің саундтрегі болып бекітілген болатын. Нұрмұхаммед Жақып та аталған фильмде бой көрсетеді. Онда Нұрмұхаммед жетім баланың досының рөлін сомдайды. Туынды жуық арада көрермен назарына ұсынылатын болады.

Сыйлыққа берілген күрте: Қайрат Нұртастың әрекеті жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Өзінің концертінде киімін халыққа табыс ететін жұлдыздардың қатарында Қайрат Нұртас та бар. Әнші киімдерін қымбат бағаға тіктірсе де, оларды тыңдармандарына сыйлағанды ұнатады. Әдетте костюмін сахнада тұрып халыққа лақтыратын әнші бұл жолы аталған әдетінен бас тартты. Концертке өзімен бірге ала келген күртесін арбаға таңылған балаға өз қолымен табыстады.

Ерекше ұзату: туыстары әжені ұзатты (фото, видео)

Қазақстан ауылдарының бірінде зейнет жасындағы қалыңдық дәстүрге сай ұзатылды. Ерекше «Қыз ұзату» әлеуметтік желілерде жарияланды. қалыңдықтың бір дерек бойынша 55, өзге деректерде 61 жаста екені жұртты таңдандырды.

Серік Ибрагимов жұрт алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады

Әнші ұсыныс жасауға ерекше дайындалған екен. Саябақта жүруге арналған пойызды жалдап, оны әсем шарлармен безендірген. Мұнымен қатар, өміріндегі маңызды сәтті тамашалауға барша достарын шақырған.

Ғаламторда би билеген «Ауыл қызы» танымал болды

Инстаграм желісінде Әйгерім Бақытжан есімді арудың биі танымалдылыққа ие болды. Оның биі Dubsmash_kaz парақшасында 14 тамыз күні жарияланды. Видеоны бір күн ішінде 170 мыңнан аса адам тамашалаған. Ауылдағы қазақ келінінің образын сомдаған биші қыз сынға қалды.

Ақтаулық көлік жуушының биі жұртты таңырқатты (видео)

Ақтаулық көлік жуушы жігіттің биі желі қолданушыларын таңырқатты. Бетперде киген жігіттің биін көлікте отырған адам жасырын түсірген. Ол көңілді әнге ерекше қимылдар жасап, жанындағылардың көңілін көтеруге тырысқан сыңайлы.

Қабатовтың келіншегі күй тартып жұртты тамсандырды (видео)

Отбасылық бағдарламалардың бірін жүргізген Мөлдірдің өнерлі екенін жұрт білсе де, оның домбыра тартқанын көзімен көрген емес. Инстаграм желісінде аспаздығымен таңқалдыратын Қабатова, бұл жолы да қапы қалмады. Ол домбырашылармен қосылып “Балбырауын” күйін тартты.

Мерей Заманбекқызының ән орындағаны көпшілікке ұнады (видео)

Мақпал Жүнісова өзінің Инстаграм желісіндегі парақшасына  қызы Мерейдің ән орындаған видеосын жүктеген. Ағылшын тілінде ән салған  Заманбекқызын көргендер оны анасына ұқсатқандарын жасырмайды.

Жіберіп алмаңыз:

Нұрсұлтан Назарбаев үш мектеп оқушысының тілегін орындады

«Заман» тобы ән салып тұрғанда сахнада өрт шықты (видео)

Сәкен Майғазиев бір-бірімен ана тілінде сөйлеспейтін қазақтарды сынап тастады (видео)

Әнші Айша әкесінің өмірден озғанын 10 жыл бойы білмеген

Талқылау