Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Заман» тобы ән салып тұрғанда сахнада өрт шықты (видео)

Қарағанды облысына қарасты Ұлытау ауданында концерт барысында өрт шықты. «Заман» тобы ән салып тұрған кезде сахнаның алдында тұрған шырша өртеніп кетті, деп хабарлайды Stan.kz.

заман орт_9

Бұл туралы әнші Асхат Тарғын желідегі парақшасында хабарлады.

«Жезқазған қаласы, Ұлытау ауданында мерекелік концерт керемет өтті. Соңында “Заман” тобы əн салып жатқанда отшашу болды. Басында байқамадық. Сөйтсе кішкентай шырша жанып жатыр екен. Абырой болғанда мәдениет үйінің қызметкерлері сөндіріп үлгерді», – деп жазды Асхат Тарғын.

Мұны көрген желі қолданушылары оқыс оқиғаның сәтті аяқталғанына қуанды.

“Аман болыңыздар”, “Қол шапалақтап мәз боп тұрғандай-ақ”, “Масқара ғой мынау, кішкентай концертте мынадай өрт”, “Аман қалғандарына тәуба”, – деп пікір білдірді желі оқырмандары.

Жіберіп алмаңыз:

Сәкен Майғазиев бір-бірімен ана тілінде сөйлеспейтін қазақтарды сынап тастады (видео)

Қайрат Нұртастың әкесі отбасын сақтап қалу үшін кезінде әншіліктен бас тартқан

Дастан Оразбеков Төреғали Төреәлімен болған жанжал туралы айтып берді

Саят Медеуов Мейрамбек пен Тоқтардың 18 жасын тойлау үшін түнімен ақша іздеген

Талқылау