Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Айша әкесінің өмірден озғанын 10 жыл бойы білмеген

Әнші Айша он жылға жуық уақыт бойы әкесінің дүниеден озып кеткенінен хабарсыз болған. Бұл туралы ол 31 арнаның «Ұят емес» бағдарламасында айтып берді.

burkit aisha_3

Ата-анасы Айша 3 жаста болған кезде ажырасып кеткен. Сол сәттен бастап әнші өзінің туған әкесін ешқашан көрмеген.

«Бір кездері әкемді тапқым келген. Бірақ анам оны іздеудің қажеті жоқ екенін айтты. Себебі әкем қиындау адам болды. Ол кезде біз Қарағанды облысының Майқұдық деген жерінде тұратынбыз. Қарағандыны білетін адамдар Майқұдықтың да қандай екенін түсінеді. Мен 1989 жылы дүниеге келдім. Бұл 90-жылдардың кезі болатын. Ал әкем бір банданың құрамында болған. Сол себепті екеуі ажырасқан. Бірақ анам әкемді қатты сүйді. Тек ол кісі қаласа 1 жылға, қаласа 3 жылға жоқ болып кететін еді. Ол уақытта телефон да болған жоқ. Анамның уақыты күтумен өтетін», – дейді Айша.

Десе де, күндердің күнінде әкесімен жүздесетініне сенген. Алайда әншінің бұл арманы көкке ұшты. Себебі әкесі 2006 жылы бақилыққа аттанған.

«Бірақ мен оның қайтыс болғанын былтыр ғана білдім. Мені әкемнің Германияда тұратын бауыры тауып алды. Қатты қайғырдым. Әрине әкемнің болғанын қаладым. Әр адам қалайды деп ойлаймын», – дейді Айша.

Әнші Айша күндердің күнінде әкесі қызын көргенде оны мақтан тұтады деп үміттенген.

“Мені бір жетістікке жетті деп мақтанғанын емес, жалпы жақсы адам болғаным үшін мақтан тұтатын шығар деп ойладым. Өйткені мен өзімді жақсы адам санаймын. Негізі мен айтарлықтай жетістікке жеттім дей алмаймын. Жетістікке жеткен – күйеуім, мен бар болғаны оның жанындамын, біз біргеміз”, – деп түйіндеді Айша.

Жіберіп алмаңыз:

Бүркіт пен Айшаға өздерінің есімі жазылған ұшақ тарту етілді (фото)

Бүркіт елбасы таққан сағатқа қол жеткізгенін айтып мақтанды

Желі оқырмандары Тәуекел Мүслімге Кәмшат Жолдыбаеваға үйленуге кеңес берді

Батырхан Шүкеновтің анасы: Ұлым адам қолынан қаза тапты деп ойлаймын

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақ қызына ессіз ғашық болған кубалық: Сіздерден артық қонақжай халық көрмедім

Олар бастапқыда Кубада қалуды жөн көрген

Қазақстанда көпбалалы аналарға берілетін төлем көбейтілмек

Енді бала санына шектеу болмайды

Коронавирус тараған Қытайдан сәлемдеме алу қауіпті ме? Дәрігер жауап берді

Соңғы рет 54 адам көз жұмды

Қыздардың жүрегін жаулаған Ерік Хамидуллаев сүйіктісімен видеоға түсіп қалды

Жұрт оны "Джейран" тобының экс-солисі Фариза Ескермеспен қосатын

32 жыл бойы пәктігін сақтаған футболшы "Әлем аруына" үйленді

Ол христиан дінін берік ұстанады

"Денесімен мыжып кетті": Алматыда сәбиін өлтірген британиялықтың ісіне қатысты жаңа деректер шықты

Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

"Өз күнін өзі көріп жүр": Тәуекел Мүслім келіншегін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Актер келіншегінің өзіне еш салмақ түсіргісі келмейтінін айтты

"Адайлармен ойнапты": Лас-Вегаста қазақ қызы ұрыларды жөнге салды

Ұрылар арудың телефоны мен құжаттарын алып қашқан

Батыр Жүкембаев Канадада қарсыласын 2-раундта сұлатып салды (видео)

Бұл оның 18-ші жеңісі. Осы күнге дейін бір де бір рет жеңіліп көрмеген

Ақмола облысында 15 жастағы оқушы желіде танысқан 20 жастағы жігітке бола үйден қашты

Алайда жасөспірім жігітке жасын айтуды ұмытқан
Çàãðóçêà...