"Әкесі 15 жастағы қызын пышақтап өлтірген": Вице-министр іске қатысты мәлімдеме жасады
Фото: ОКҚ
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Алматы облысындағы 15 жасар мектеп оқушысының өліміне байланысты 99-бап бойынша іс қозғалғанын хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, Талғар ауданында ер адам мен қызының арасында жанжал туындап, содан кейін әкесі жасөспірімді 16 рет пышақтаған.
Қыздың әкесі қамауға алынған. Әділов ер адамның мас күйінде болғанын атап өтті.
Ата-ана хиджаб киюден бас тартқан қызын шлангпен ұрып-соққан (видео)
“Қазіргі таңда аталған іс бойынша Қылмыстық Кодекстің 99 бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Бұл деректі растаймын. Қылмыс қаруы, пышақ, тәркіленді. Ер адам мас күйінде болған. Біз оқиға орнын тез арада тексеріп, күдіктіні ұстадық. Қазіргі уақытта бірқатар сот-медициналық сараптамалар жүргізілуде. Қосымша сот-психиатриялық сараптама да тағайындалды. Барлық процедуралар аяқталғаннан кейін іс сотқа жолданады”, – делінген хабарламада.
Ішкі істер министрлігі тергеу аса ауыр қылмыс ретінде жүргізіліп жатқанын атап өтті.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген