15 адам мерт болды: Боливияда ақша тиеген ұшақ жолға құлады (видео)

Боливияда ақша тиеген ұшақ қала ішіндегі жолға құлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
28 ақпанда Эль-Альто қаласында жаңа банкноттарды тиеген Боливия әуе күштерінің Hercules ұшағы көліктерге толы жолға құлады.
Ұшақ Орталық банктен басқа қалаларға жаңа банкноттарды тасымалдап жатқан.

Алайда ол ұшу-қону жолағынан шығып, Ла-Пас маңындағы Эль-Альто қаласында көліктерге соғылып, жақын маңдағы егістікте тоқтаған.
Апатта бүкіл экипажды қоса алғанда, он бес адам қаза тапты, тағы 12 адам жарақат алды. Тас жол бойында ондаған көлік зақымдалды.
Әуежай маңында көп ақша шашылып, жүздеген адам шашылған ақшаны жинауға асықты.

Полиция жиналғандарды тарату үшін арнайы құралдарды пайдалануға мәжбүр болды.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”