Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"1414-тен келген хабарламаны ашпаңыздар": "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мәлімдеме жасады

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы 1414 нөмірінен келген қауіпті хабарламаларға қатысты жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде "1414-тен келген хабарламаны ашпаңыздар" деген ескерту хабарламалар тарады. Оны таратқандар сілтемеге өткен адамның алаяққа тап болатынын айтады. 

“Бүгін БАҚ беттерінде Халыққа қызмет көрсету орталығының сайтының бұзылғаны туралы ақпарат жарияланды. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірыңғай веб-сайты жоқ екенін хабарлаймыз. Халыққа қызмет көрсету орталықтары жергілікті қызметтерді көрсетеді. Мемлекеттік қызметтерге электронды үкімет порталы немесе eGov мобильді қосымшасы арқылы онлайн тапсырыс беруге болады”, – деп делінген хабарламада.

Мемлекеттік корпорация ел арасында тараған хабарламаның фейк емес екенін мәлімдеді. Бұл хабарлама eGov mobile жүйесінде тіркелмеген пайдаланушыларға жіберілген.

“Бұл хабарлама eGov mobile тіркелмеген пайдаланушыларға жіберілді. eGov мобильді қосымшасы сауалнаманы толтыру үшін, сондай-ақ жаңалықтар туралы ескертулер үшін түрлі жағдайларда жекелендірілген SMS және push-хабарламалар жібереді”, – делінген хабарламада.

 

Талқылау