Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"14 миллион теңге": Қызылордада қаржы жымқырған аурухана есепшілері сотталды

Қаржылық монтиторингтің айтуынша Қызылордада бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, аурухана есепшілері жауапқа тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“2015-2019 жылдар аралығында Жаңақорған аудандық ауруханасының есепшілері өзара келісіп, іссапар шығынын жасап, түскен ақшаны қолма-қол алатындай жоспар құрған.  Олар құжатты рәсімдеп, ауруханадан банкомат арқылы түскен ақшаны аударып, шығарып алуға келісетін адам тауып, сол арқылы мемлекет қаражатын ірі көлемде жымқырған”, – делінген хабарламада.

Нәтижесінде Жаңақорған ауданаралық ауруханасына 14 миллион теңгеден астам залал келтірілгені анықталды.



Сот аудандық ауруханада әр жылдарды қызмет атқарған М. Сатыбалдиева мен З. Шомантаеваны кінәлі деп танып, есепшілік және материалдық жауапкершілік жүктелетін қызметтер атқару құқығынан 2 жыл мерзімге шектеп, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Үшінші адам М. Бурисбаевтың 2 жылға бас бостандығы шектелді.

Талқылау