"13 жыл емделдім": Елдос Колобок сүйінші жаңалығын жариялады
Танымал блогер Елдос Кәдірханов өзіне қойылған ауыр диагноздан арылғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: жеке парақшадан алынды
Желі жұлдызы перзент сүйе алмай жүргенін айтқан еді.
“Осы туған күніме жеке дәрігерімді шақырдым. Біз шетелге қыдырып бармаймыз. Ем алып, ота жасаймыз. Тек халыққа оны көрсетпейміз. Соңғы ота Астанада жасалды. Ұйқыдан оянғанда дәрігерім: “Елдос, балалы бола аласыз” деді. Міне, басты жаңалығым – осы. Қанша жыл осы жауапты күттім. Енді тек дұғада болыңыздар! Алла қаласа, тағы да сүйінші сұраймын. Қаншама нәтижесіз ота өткіздім. Қаншама дәрі іштім. 13 жыл емделдім. Нәтиже болмады. Мен осыны айтудан ұялмаймын. Себебі қаншама жігіттер бар дертіне ем таппай жүрген. Ұрпақ сүйсем ғой деп жүрген қаншама отбасы бар. Баласы барлар бізді түсінбейді. Әйелім екеуміз дәрігерлер атынан алғыс айтамын. Олар өшіп бара жатқан үмітті лаулатып, жағып берді”, – деп жан сырын ақтарды блогер.
-
"10 ота нәтижесіз болса да, жанымда қалды": Елдос "Колобок" жұбайына алғыс білдірді
-
"11 мың теңге несиесін төлей алмады": Елдос "Колобок" анасының қиналған сәтін есіне алды
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.
“Егіз ұлдарды нәсіп етсін!”, “Күзде шілдеханаға барайық”, “Құтты болсын, бауырым”, “Халық болып тілеп жатырмыз”, “Көп тілегі – қабыл, бір сәби бұйырсын”, – деп жазды көпшілік.