Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

12 жерінен пышақтаған: Алматы облысында жантүршігерлік адам өлімі болды

Алматы облысы Есік қаласында белгісіз ер адам 1995 жылы туған жас жігітті пышақтап өлтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: @egovpress

Әлеуметтік желілерде 4 шілде күні Есіктегі жанар-жағармай құю бекетінің аумағында көлікте ауызша жанжал кезінде бір ер адам екіншісіне 12 рет пышақ сұққаны туралы ақпарат пайда болды. Салдарынан 1995 жылы туған жәбірленуші сол жерде көз жұмды.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Полиция кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген хабарламада.



Еске салайық, бұған дейін бас прокуратура кісі өлтіруге оқталған күдіктіні жауапқа тарту үшін Корея Республикасынан экстрадициялады. Күдікті 2022 жылдың наурыз айында Түркістан облысының Сауран ауданында ауылдасымен жанжалдасып, соңы төбелеске ұласқан. Төбелес кезінде күдікті қарсыласының кеуде тұсынан бірнеше рет пышақ сұққан. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында жәбірленуші аман қалды. 

Талқылау