Ақтөбе облысында жігіт дәрігер қыздың үйіне балконнан кіріп пышақтап кеткен
Қоғам белсендісі Дина Таңсәрі Facebook-тегі парақшасында Ақтөбе облысында эндокринолог қызды белгісіз ер адам өлтіріп кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото Дина Таңсәрінің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынған
Дина Таңсәрі Ақтөбе облысы полиция департаменті "Адам өлтіру" дерегі бойынша тергеуді бастап кеткенін айтты.
"Қыз – эндокринолог. Мамандығын 9 жыл оқыған. Белгісіз бір жігіт оның артынан аңдыған. Кеше балконнан шығып, қызды пышақтап кеткен. Туыстарының айтуынша, ол қыздың көлігін ұрлап әкетіп, артынша жол-көлік апатына түскеннен кейін ұсталған. Отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз. Иманды болсын", – деп жазған қоғам белсендісі.
Еске салайық, дәл осындай жағдай былтыр Алматы облысында болғаны туралы жазған едік. Өңірге қарасты Қарасай ауданында медбикені белгісіз азамат жұмыс орнында пышақтап кеткен. 45 жастағы қызметкер оқиға орнында алған жарақатынан қаза тапты.
Алтын мен әшекей бұйымдарды қалай ажыратуға болады: Зергер көпшілік біле бермейтін белгілерді атады
Алтынның шынайылығын тек түсіне, жылтырына немесе салмағына қарап анықтау дұрыс емес
19 жастағы Аяжан Еділова қалай қаза тапты: Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген қылмыстың хронологиясы
Аяжан Еділова бар болғаны 19 жасында кісі қолынан қаза тапты