12 жасар оқушы әкесінің атымен мазақтаған 7 жасар баланы сабап, өлтіріп қойды
Полицияның хабарлауынша, 12 жасар оқушы бала 7 жасар бүлдіршінді өлімші етіп сабап тастаған. 7 жасар балақай өзінен 5 жас үлкен баланы әкесінің атымен мазақ қылып, ашуландырған екен.
Бұл туралы ағылшын басылымы Mirror-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Оқиға Малайзияның Капите қаласындағы мектеп-интернатында орын алған.
Мектеп-интернатында жұмыс істейтін қызметкерлердің бірі Джексон Нуингті талып жатқан жерінен тауып алған. Куәгердің айтуынша, бүлдіршіннің денесі бірнеше жерден көгерген. Ауруханаға жеткізілгеннен кейін жеткіншектің комаға түскені анықталған.
Ұлының аса ауыр жарақат алғанын білген соң, оның 35 жастағы әкесі полицияға шағым түсіріпті.
«Келіп түскен хабарды негізге ала отырып, құрбан болған баланы сабап тастады деген күдікпен 12 жасар оқушыны тұтқынға алдық», – дейді полицей Датук Амер Аваль.
Алған жарақат салдарынан Джексон 4 сағаттан кейін көз жұмған.
Тергеу барысында мерт болған бүлдіршіннің күдіктіні әкесінің атымен мазақ қылғаны белгілі болды.
«Бұдан кейін күдікті жеткіншекті бірнеше жерінен ұрып-соққан, ақырында бала талып қалған. Полиция күдіктіден жауап алып, кәмілеттік жасқа толмағандықтан, үйіне жіберді», – деп атап өтті комиссар.
Кәмілеттік жасқа толмағанымен, қылмыстық іс «адам өлтіру» бабы бойынша қозғалған.
Жіберіп алмаңыз:
Британияда ең сексуалды қылмыскер әйел пайда болды
Үй төбесінен бал тамғанын байқаған жұп ол жерден ара ұясын тауып алды
Король қалай демалады: Саудия басшысы Мароккодағы демалысына 100 млн доллар жұмсады (фото)
Мадридте бір топ жігіт хиджаб киген әйелді аяусыз ұрып кетті