Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үй төбесінен бал тамғанын байқаған жұп ол жерден ара ұясын тауып алды

Үйдің төбесінен тәтті бал аға бастаған кезде, оны мекен етіп жатқан жұбайлардың есі шықты. Олар бұған дейін де үй айналасында аралардың көп екенін байқаған-ды. Осы күнге дейін ерлі-зайыптылар араның ұясын іздеумен келген. Сөйтсе, ол алыста емес, өз үйлерінің төбесінде болып шықты.

SWNS_BEES_NEST_03

Бұл туралы ағылшын басылымы The Mirror-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жас жұбайлар сақтандыру компаниясы арқылы сотқа арыз түсіріп, ақырында араның ұясы алынып, үйдің төбесі ауыстырылған.

«Жалпы кез келген сұйықтықтың бір тамшысы үйдің төбесіне, қабырғасына зақым келтіруі мүмкін. Сондықтан тұрғындарды пайдаланылмайтын бөлмелерді жиі тексеріп тұруға шақырамыз», – дейді компания директоры Дэвид Боунхилл.

SWNS_BEES_NEST_02

Ара ұясын арнайы маман Стюарт Мосс төбеден шығарып алған.

«Бөлме ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай тұрып қалғандықтан, бұл араларға үлкен ұяшық жасап алуға мүмкіндік туғызған», – дейді ол.

SWNS_BEES_NEST_01

Жіберіп алмаңыз:

Король қалай демалады: Саудия басшысы Мароккодағы демалысына 100 млн доллар жұмсады (фото)

Мадридте бір топ жігіт хиджаб киген әйелді аяусыз ұрып кетті

Ресейде алғашқы қар жауды (видео)

80 жастағы қажы таңданарлық жағдайда инфарктен құтылды

Талқылау