Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Король қалай демалады: Саудия басшысы Мароккодағы демалысына 100 млн доллар жұмсады (фото)

Сауда Арабиясының 81 жастағы королі Салман Мароккоға саяхаттап 100 миллион доллар жұмсаған. Королмен бірге тағы мыңға жуық нөкерлері демалыпты. Бірақ, қалай болғанда да бір ай ішінде жұмсалған 100 млн доллар Марокконың туристік бюджетінің 1,5 пайызын құраған.

1503637959_2

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Королмен бірге Танжер қаласына келген мыңдаған адам сән-салтанаты келіскен қымбат қонақүйлерге орналасыпты. Олардың ішінде король отбасының мүшелері, әртүрлі министрлер мен кеңесшілер бар.

1503638226_3

Саудия басшысы парсы шығанағында жағдай қиындап тұрған сәтте демалысқа аттанып отыр. Қазіргі кезде бірқатар араб елдері Катармен дипломатиялық байланысты үзіп, жағдай өте шиленісті деңгейге дейін ушықты.

Король Салманның Парижде, Марбель сарайында, тағы да басқа әлемнің мықты мемлекеттерінде өзіне тиесілі жылжымайтын мүліктері бар.

1503637915_1

Ол Мароккоға демалу үшін келген кезде оның елдің премьер-министрі Саад Эддин әл-Отмани жеке өзі қарсы алған. Қонақтар үшін 800 қонақүйі нөмірі дайындалып, 200 автокөлік қарастырылған. Сондай-ақ, тамақтандыру мәселесін де жоғарғы деңгейде ұйымдастырған.

95b1554a-c2b9-4d39-820d-863480e151dd_16x9_788x442

Жыл бойы король сарайы толыққанды жөндеуден өткен. Спутниктік суреттерге қарап отырып тікұшақ алаңқайы, бірнеше ғимарат салынғанын байқауға болады. Аса кең аумақты Марокко королдігі гвардиясының сарбаздары кірпік қақпай күзетеді. Сондай-ақ, бұл жерде жеке медициналық орталық пен көркі мен қызметі таңдай қақтырарлық мейрамханалар да бар.

028

Салманның сүйікті демалыс мекені – Танжер. Бұл 907 мың адам тұратын ірі портты қала. Марокконың солтүстігінде орналасқан.

1503638362_6

Король өзінің мұрагерін қайта тағайындағаннан кейін барып жазғы демалысқа шықты. Оның енді ресми мұрагері, өзінің ұлы – Мұхаммед ибн Салман Әл Сауд.

Оқи отырыңыз:

“Титаниктің” бас кейіпкерлері бірге демалып жатқан жерлерінен ұсталып қалды (фото)

Өмір үшін күрес: Ракты жеңген жандар (фото)

59 жастағы Мадонна алғаш рет өзінің алты баласын көрсетті (фото)

Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) Алладан бірінші уахи түскен үңгірдің көрінісі (фото)

Талқылау