Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"12 миллион теңге кетті": Қазыбек Құрайыш түсірілім кезінде қиындыққа тап болды

Фото: https://www.instagram.com/kuraiyshev/

Танымал әнші Қазыбек Құрайыш клип түсіремін деп қиындыққа тап болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесінің түсірген клипі жарамсыз болып қалған. 

“12 млн теңге кетті. Мәселе ақшада да емес, біраз еңбек пен 2 ай уақыт сарп еттік. Соңында материалдың жартысы күйіп, клиптың сюжетін толық жоғалтып алдық. Ең керек моменттері кадрда жоқ", – деп жазды Қазыбек әлеуметтік желіде.



Әнші басты рөлді сомдаған актерлер мен командасына алғыс айтып, жағдайды сабырмен қабылдағанын жеткізді.

"Өз басым жүректен жіберіп тастадым. Әніміз 24 қазанда барлық платформаларда жарық көреді. Бірақ клипсіз бе, әлде сол күйі салып жіберейін бе?" – деп оқырмандарынан кеңес сұрады.

Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 23 Қазан, 2025 10:00
Талқылау