Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

10 жыл пайдаланылмаған: ШҚО бұрынғы шенеунігінің 4,8 млрд теңгелік жері мемлекетке қайтарылды

Шығыс Қазақстан облысында құны 5,5 млрд теңге болатын пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО прокуратурасының мәліметінше, 2022 жылы жалпы ауданы 36,9 мың га болатын пайдаланылмаған немесе бұзылған 533 учаске мемлекет меншігіне қайтарылды.

Өскемендегі төрт учаске және Бұқтырма су қоймасының жағалауында үш учаске облыстың бұрынғы шенеуніктерінің біріне тиесілі екені анықталды. Прокуратураның мәліметінше, олар 10 жыл бойы қолданылмаған. Жердің нарықтық құны – 4,8 млрд теңге.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 09 Ақпан, 2023 16:41
Талқылау