Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"10 сағат ота жасады": Әнші Медеу Арынбаев талма ауруын қалай жеңгенін айтып берді

Танымал әнші, композитор Медеу Арынбаев жас күнінде талма ауруына шалдыққанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Динамен дұрыс” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Айтуынша, әншінің талмасы ұстаған кезде есін жоғалтып, қол-аяғы жансызданып қалатын көрінеді. 

"2000 жылдан бастап талма ауруына тап болдым. Ес жоғалту, сіресіп қалу басталды. 1993 жылдары жаспыз, мейрамханадан шығып жатқанда үш жігіт тепкілеп кеткен еді. Сол жеті жылдан кейін сыр берді ма екен деймін. Бәрі елу де елу. Сол соққыдан немесе тума пайда болған нәрсе деп ойлаймын. Бастапқыда жылына екі рет болатын. Содан келе ушығып, екі-үш айда бір рет бола бастады. Сахнада ұстап қалды, сіресіп қалдым. Төрт рет қала ішінде көлік жүргізіп келе жатқанда болды. Төрт рет көлік қақтығысы болған. Бір рет маңызды шарада маңызды сәтте сіресіп қалып, сахнадан алып кетті. Сол кезде қара тізімге түсіп қалдым ба деп қорықтым. 10 сағат бойы ота жасады. Содан кейін жағдайым жақсы. Міне, төрт жарым жылдай менде қайталану жоқ. Жағдайым тұрақты, концерт бойы ән айта аламын”, – дейді әнші. 

Сондай-ақ әнші “Дариға жүрек” әнін Дариға Назарбаеваға арналғанын да мойындады. 

“Алғашында әннің біреуге арналғанын сезген жоқпын. “Дариға жүректі" мәжбүрлеп айтқандай айтқанмын. 20 жыл бұрын Серік Абас-шах "Хабар" арнасынан телефон соғып, "Медеу, жол-жөнекей жолығып кету керек, мынаның ішінде бір ән бар, осыны тыңда да, қолға алу керек, орындау керек, осыған зер сал" деді. Тыңдасам, сөзі әп-әдемі сияқты, бағыты да, бірақ автордың орындаушылық мәнері, шеберлігіне мүлдем сөз жоқ. Жай акапельмен айтып берген. ..."Бұлай хит болады" деп біреу маған айтатын болса, өзіне күліп қарар ма едік?! Өзіміздің жүрегімізді салдық, сәл аяладық. Кейін әнді жазып, уф, өткіздім, аңғармаймын. Қазағымыздың Дариға деген қыздары көп қой. Классикалық бағыттағы ән. Сөйтсек, Дариға Назарбаеваның ұжымдастары ән арнаған екен. Саясат деген сонда жатыр екен. Жарайды, ұжым болып, сый-сияпат жасағаны шығар деп ойладым. Солай екен. Ел өзіме түсіндіріп жатыр. Бейнебаянды түсіруші ұжым Дариға Нұрсұлтанқызына арнаған болып тұр. Ашылатын әңгіме. Мұны қашанға құпия сақтайсың?!” – деп сырын ашты әнші.  

Айта кетейік, әншінің марқұм әйелімен ренжіскенін кезін жазған болатынбыз. 

 

Талқылау