Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзімді кешірмеймін": Медеу Арынбаев марқұм әйелімен ренжіскен күнін еске алды

Белгілі әнші Медеу Арынбаев марқұм жұбайын еске алды. Әнші жарының дүниеден өткеніне 13 жыл болса да, әлі екінші рет үйленбеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Динамен дұрыс” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Марқұм жұбайы Айгүл де оркестрде өнер көрсеткен.

"Өліміне не себеп болғанын әлі күнге дейін түсінбеймін. Өзіміз де шок болдық. Қан қысымы төмен еді. 2010 жылы желтоқсанның басы болатын. Соның алдында өзімді әлі кешірмеймін. Студиядан мәз болып, үйге қарным ашып келсем, ештеңе дайын емес. Сол кезде эмоцияға салып, айқайлап қойғаным бар шығар. "Қазір ғана жұмыстан келдім" дейді. Жұмысы сол - оркестр. Отағасы ретінде қатты сөйлеп қойғаным бар. Сол кезде аздап бір-екі көзінен жас шыққан еді. Кейін құшақтап, басу айтқанмын. ...Студияға барып, сегізде үйге келсем, екі балам абыр-сабыр. Айтуларынша, мамалары үйде ас дайындап жатып, еңкейіп қалады, сол кезде басы айналып құлапты. Жетелеп барып төсекке жатқызып, қарасам, қатты жан айқайы басталып жатқаны есімде. Жедел жәрдем келді. Бес күннен кейін ісіне бастады, алтыншы күні дүние салып кетті", – дейді әнші.

Әншінің екінші рет үйленуіне балалары қарсы емес көрінеді.

“Әкеміз екінші рет үйленіп жатса, біз қарсы емеспіз. Өз махаббатын тапса керісінше біз қуанамыз. Ол жалғыз жұрмеуі керек” деген болатын қызы Даяна.  

 

Талқылау