Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"1 сағат 20 минутқа кешікті": Талдықорғандықтар "Алдараспан" театрының концертінде шу шығарды

Талдықорғанға гастрольдік сапармен барған "Алдараспан" театрының әртістері көрерменнің сынына қалды. Айтуларынша, театр ұжымы концертке бір сағатқа кешігіп келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Концерт біткеннен кейін қала тұрғыны әзілкештерге өкпесін жеткізді. 

"1 сағат 20 минутқа кешігіп келіп, мына жерде әндетіп жатырсыңдар. Мына халықты сыйла. Талдықорғанға екінші рет мынадай жасамаңыздар. Сіздер екінші рет осындай жасап жатырсыздар. Концерттеріңізге келіп отырмыз. Билетті бір ай бұрын саттың ба – бір сағат бұрын осы жерде болуларың керек. Көздерің жанып тұрғанын көріп тұрмыз. Ер-азаматсыңдар ма, сөздеріңде тұрыңыздар!" – деп ренжіді тұрғын.

Кінәсін мойындап тұрған Нұржан Төлендиев те халықтан кешірім сұрады. 

“Айып – бізден. Халықтан шын жүректен кешірім сұраймыз. Ақталғым да келмейді. Айыпты шапанмен жуайық! Ағамыздың үстіне театр ұжымы атынан шапан жабамыз”, – деп мәселені шешті.

Желі қолданушылары актердің тапқырлығын жарыса жазып жатыр. “Шымкенттік вариантпен шешіп кетті”, “Жалғыз Талдықорған емес, басқа жаққа да кешікпей барыңыздар”, “Концертті көрдік, өте жоғарсы деңгейде өтті” дейді желі қолданушылары. 

@aiym_almatova Концерт 1,5 сағатқа кешікті 🫣 #рек #врек #топчик🔥 #алдараспан #нуржантоленди #нұржантөленді ♬ оригинальный звук - Winix_Taldykorgan
Талқылау