Салық кодексіне өзгеріс: Қазақстанда дәрі-дәрмекке бірыңғай құн салығын енгізу ұсынылды

Қазақстанда салық жүйесіне тағы өзгеріс енгізілмек. Үкімет қазір дәрі-дәрмекке салынатын ҚҚС-ты, бизнеске түсетін салық жүктемесін және кәсіпкерлер тапсыратын 200 нысанды қайта қарап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәселе Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 15-отырысында қаралды. Отырыс тақырыбының бірі – ақша-несие нарығы операциялары бойынша табысқа салық салу болды.
2025 жылы банк пен ақша нарығынан түскен табысқа 10% салық салынып, ол жыл соңында бір рет қана есептелген. Ал қазір сол салықты компаниялар алдын ала төлейтін корпоративтік табыс салығына қосып есептеп жатыр. Бірақ Ұлттық банк: "2026 жылдан бастап ондай қосымша салық болмайды, сондықтан оны алдын ала төлемге қосу артық көбейтіп жібереді" дейді. Сондықтан үкімет енді бұл алдын ала төлемді есептеу тәртібін қайта қарап, өзгерту керек деп отыр. Ал Қаржы министрлігі оны қолдады.
Бұдан бөлек, отырыста медицина саласында қосымша құн салығының бірыңғай мөлшерлемесін енгізу де талқыланды.
“Қарапайым тілмен айтсақ, медицина саласында бәріне бірдей қосымша құн салығын енгізу идеясы бар. Бірақ оның нақты қанша пайыз болатыны әлі шешілмей жатыр және талқыланып жатыр. Сонымен қатар, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарға қосымша құн салығын 5% болып белгіленеді. Ал 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол 10% болады.
Бұл ретте орфандық және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуді қоса алғанда, ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетілетін дәрілік заттар мен медициналық қызметтерді өткізу және импорттау бойынша айналымдар ҚҚС-тан босатылды”, – делінген хабарламада.
Жиынға қатысқандар жеңілдік берілетін және салықтан босатылатын режимдердің қатар қолданылуы салықты басқаруды қиындатып отырғанын айтты. Талқылау соңында Серік Жұманғарин салық мөлшерлемесінің қандай болатынын және оның сала мен бюджетке қалай әсер ететінін қосымша есептеп, қайта қарауды тапсырды.
Тағы бір ұсыныс – жеңілдетілген салық режиміндегі кәсіпкерлер үшін 200-нысанды тапсыруды алып тастау болды. Салық кеңесшісі Айжан Балакешованың айтуынша, қазір бұл есепті ірі компаниялармен қатар шағын бизнес те тапсырады. Бұл олардың жұмысын көбейтіп, қосымша бухгалтер жалдауға мәжбүр етеді. Сонымен қатар, қате жіберіп, айыппұл алу қаупін де арттырады.
Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) төрағасының орынбасары Жаныбек Нұржанов 200-нысан тек жалдамалы жұмыскерлері бар компаниялар үшін ғана қарастырылғанын айтып. Оның негізгі мақсаты – әлеуметтік төлемдерді уақытында есепке алу және қызметкерлердің құқығын қорғау екенін түсіндірді.
Қазіргі арнаулы салық режимі бұрынғыдан өзгерек: оның қолдану шегі 2,6 млрд теңгеге дейін, ал жылдық айналымы 103,8 млн теңгеге жеткен компаниялар еңбекақы шығындарын шегеріп, қосымша құн салығын төлемей жұмыс істей алады.
МКК дерегінше, биыл ақпанда есеп тапсырған 1,2 миллион кәсіпкердің шамамен 800 мыңы әлеуметтік төлем бойынша қарыз болып қалған. Сондықтан ведомство есепті жиі әрі біркелкі тапсыру қарыздың жиналып қалуын азайтатынын алға тартты.
Ал Еңбек министрлігі 200 нысан жұмысшылардың табысын ашық көрсетіп, әлеуметтік төлемдерді бақылау үшін керек екенін айтады.
Соңында Серік Жұманғарин шағын және орта бизнес үшін 200-нысанды қалдыру-қалдырмауды тағы да қосымша қарап шығуды тапсырды.
"Жүрегім Қазақстан деп соғады": Елімізді ұнатып қалған үндістандық боксшы енді Қазақстан атынан сынға түспек
Оқыңыз