"Екі аяғыммен тік тұрып ән айтқым келеді": Қыдырәлі Болман ауруханаға түсті

Жұлдызды жұп Қыдырәлі Болман мен Қарақат Әбілдинаның Алматыдағы концерті кейінгі шегерілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қыдырәлі Болман әлеуметтік желідегі парақшасында ауруханадан жазба жариялап, жеке ән кешінің күнін ауыстыруға мәжбүр болғанын айтып, оның себебін түсіндірді.
Өнер иесінің айтуынша, концертті кейінге қалдыру оңай шешім болмаған. Себебі Республика сарайындағы кешке үш жарым мыңға жуық көрермен жиналуға тиіс болған. Бұған қоса, келер 2-3 ай көлемінде Республика сарайында бос күн болмаған.
Алайда әнші денсаулығына байланысты дәрігерлердің кеңесіне құлақ асуға мәжбүр болғанын жеткізді. Сондай-ақ Қыдырәлі Болман сахнада отырып ән айту өзіне өте ыңғайсыз әрі қиын екенін айтты.
“Өмір бойы шапқылап, екі аяғымен жүрген адамға креслода отырып, қозғалмай, сахнада ел алдында ән айту өте ыңғайсыз, тым күрделі әрі қиын екен. Сіз де, біз де темірден жаралған жоқпыз. Көп жағдайда намысты, ұятты алға тартамыз да, Алланың аманатқа берген денсаулығын кейінге ысыра саламыз”, – деп жазды әнші.
Оның сөзінше, ең басты себеп – дәрігерлердің рұқсат бермеуі.
“Ең басты себеп – дәрігерлерімнің рұқсат етпеуі. Бір ауыз сөзі: неге жанталасамыз?” – деді ол.
Әнші концерттің 18 маусымда өтетінін айтты. Бұл күн Қыдырәлі Болман мен жары Қарақат Әбілдинаның отбасын құрғанына 25 жыл толатын мерейтойымен тұспа-тұс келмек.
“Бүгін 18 мамыр. Тура бір айдан соң, 18 маусымда, Қарақатымның 25 жылдығында Қыдырдың “улучшенная версиясы” болып тұрамын, бұйыртса. Қадірменді көрерменнің алдында екі аяғымды тең басып, тік тұрып қызмет етеміз, Алла қаласа!” – деп жазды өнер иесі.
ОқыңызЕске салайық, бұған дейін Қарақат Әбілдина Қыдырәліні белгісіз арумен “сүйістіріп” қойғандарға шүйліккені хабарланған еді.
Сол уақытта желіде жұлдызды жұп Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның жасанды интеллект арқылы жасалған видеолары тарады. Youtube-арнадағы бейнежазбалардың бірінде Қыдырәлі жас қызбен құшақтасып отырғаны көрсетілсе, екіншісінде өнерлі жұптың түрмеге түскені туралы айтылған. Онда тіпті Қарақат Әбілдина мен Қайрат Нұртастың шаңырақ көтергені жайлы жалған ақпарат та бар. Осы жағдайға байланысты Stan.kz тілшісі әнші Қарақат Әбілдинаға хабарласып, пікірін алды.
Өнер иесі видеоларды алғаш көргенде шок болып қалғанын жасырмаған еді.
"Жүрегім Қазақстан деп соғады": Елімізді ұнатып қалған үндістандық боксшы енді Қазақстан атынан сынға түспек