Қазақстанда ішкі әуе рейстерінде биометриялық жүйе енгізілмек

Қазақстанда авиация саласына цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр. Нақты қандай жүйе енгізілетінін көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, ішкі әуе рейстерінде биометриялық жүйе енгізіледі. Алғашқы пилоттық жоба Астана–Шымкент бағыты бойынша жүзеге асырылады.
“Қазір әуежайларда Q-Gate жүйесі жұмыс істеп тұр. Бұл жүйе тексеруден өту уақытын 3 минуттан 50 секундқа дейін қысқартады. Қазір Астана мен Алматы әуежайларында осындай 16 терминал орнатылған. Биыл Шымкент, Атырау, Ақтөбе және Ақтау қалаларында тағы 16 терминалды іске қосу жоспарланып отыр”, – деді министр.
Оған қоса министр жүк тасымалы саласында e-Freight жүйесі енгізіліп жатқанын мәлімдеді. Айтуынша, бұл жүк өңдеу уақытын 1 күннен 1 сағатқа дейін қысқартып, барлық процесті толық цифрландыруға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда халықаралық рейстерге арналған әуежайларға қойылатын талаптар жаңартылғаны туралы жазған едік.
"Жүрегім Қазақстан деп соғады": Елімізді ұнатып қалған үндістандық боксшы енді Қазақстан атынан сынға түспек
Оқыңыз