Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда енді жүргізуші куәлігіне арналған емтиханды бірнеше рет рет тапсыра беруге болады

Қазақстандықтар енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн түрде ауыстыра алады

Қазақстанда енді жүргізуші куәлігін алуға арналған емтиханды шексіз рет тапсыра беруге болады. Үш тегін мүмкіндіктен кейін емтиханды қалағанынша қайта тапсыруға рұқсат беріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дегенмен ақылы тапсыру арасында кемінде 10 күн үзіліс болуы керек.

Бұрын үш рет тапсыра алмаса, адам қайтадан авто мектепте оқуға тиіс еді. Билік өкілдерінің айтуынша, осы талап адамдарды пара беруге итермелеген.

Енді теориялық емтиханда қосымша шындық (AR) технологиясы енгізіледі. Ал практикалық емтиханда қателіктерді автоматты түрде анықтайтын компьютерлік көру жүйесі қолданылады.

Микронаушник, шпаргалка сияқты түрлі айла-тәсілдер де бақылауда болады. Мұндай жағдай анықталса, адам бір жылға емтихан тапсырудан шеттетіледі.

Сонымен қатар авто мектептер үшін міндетті лицензиялау енгізіледі. Егер оқыту сапасы төмен болса, лицензия толықтай қайтарылып алынуы мүмкін.

STAN.KZ
Сейсенбі, 14 Сәуір, 2026 10:34