Жүргізуші куәлігінен айырылғандарды амнистияға енгізуге болмайды – Депутат

Мәжіліс отырысында депутат Айдос Сарым Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты туралы пікір білдіріп, жүргізуші куәлігінен айырылғандарға амнистия беруді күшейтуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутат депутаттық сауалдың мемлекет басшысы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты жариялаған, тарихтағы алғашқы әкімшілік амнистияға қатысты екенін атап өтті.
“Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған қайғылы оқиға бізді тағы да өзекті әрі маңызды сауалға әкеліп тіреді: құқық бұзушылар мен қылмыскерлерге лайықты жаза тағайындауға біздің құқықтық механизмдер жеткілікті ме? Жүргізуші куәлігінен айырылғандар да президент бастамашы болған амнистияға ілінгісі келеді. Олар өздерін амнистия тізіміне енгізіп, көлік жүргізу куәлігін қайтаруды талап етіп отыр”, – деді Айдос Сарым.
Айдос Сарым жүргізуші куәлігінен айырылған адамдарға амнистия беру дұрыс емес екенін айтты.
“Біз анық әрі нақты айтамыз: бізде моральдық құқыққа ие емеспіз. Куәлігінен айырылған жүргізушілер кімдер? Көп жағдайда бұл заңды жүйелі түрде бұзған, мас күйде немесе басқа да заттардың әсерінде жүріп, көлік жүргізгендер, айналасындағыларға қауіп төндірген адамдар. Олар жай ғана ұсақ құқық бұзушылар емес, олар – ықтимал қылмыскерлер”, – деіді депутат.
Осы себепті ол жүргізуші куәлігінен айырылғандардың көлік жүргізу құқығын қалпына келтіруге қатысты кез келген амнистияға қосылуына үзілді-кесілді қарсы екенін жеткізді.
Жол апаты туралы толығырақ
21 наурыз күні Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан үш адам қаза тапты.
Zeekr маркалы автокөліктің жүргізушісі батыс бағытта келе жатып қарсы жолаққа шығып, жолдағы қарсы бағыттағы Mercedes көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан 29 жастағы Mercedes жүргізушісі мен 20 және 23 жастағы екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Zeekr көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Айта кетейік, мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатына Алматы полиция департаментінің жоғары лауазымды қызметкерінің қатысы болуы ықтимал деп санайды.
26 наурыз күні депутат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
“Алматы полициясының жоғары лауазымды қызметкерінің көлік жарысына қатысы бар ма? Әл-Фараби даңғылындағы жарысқа қатысқан қатысушылардың бірі полицей болуы мүмкін деген күдік бар. Бұл жарыс үш адамның өмірін қиды. Сондықтан бәрін жасырып отыр. Ішкі істер министрлігінен түсініктеме беруін сұраймын”, – деп жазды Мұрат Әбенов.
Ол жариялаған видеода ер адам жарысқа полиция департаментінің бір бөлімше бастығының орынбасары өз қызметтік көлігімен қатысқанын айтқан.
Бейресми мәліметтерге сенсек, ішкі істер органдарының қызметкері, полиция департаменті басшысының орынбасары Ержан Узабаевтың қатысы болуы мүмкін. Алайда полиция бұл ақпаратты растамады, бірақ жоққа да шығармады.
Артынша, жол апатына байланысты полиция департаментінің бірнеше басшысы қызметінен босатылды.
Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Саденов хабарлады. Министр жол апатында қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев министрдің бұйрығымен Алматы қаласы полиция департаменті бастығының сыртқы қызметтер мен жол қауіпсіздігін қадағалайтын орынбасары, сондай-ақ әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметтерінен босатылғанын мәлімдеді.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді