Үшінші рет тұрмыс құрған Ақбота Керімбекова алғаш рет отбасылық өмірі жайлы айтып берді
Теңін тауып, үшінші рет тұрмыс құрған Ақбота Керімбекова ата-ене көріп, келін болуды бұрыннан армандапты. Алайда бұл арманына тек үшінші некесінде қол жеткізген әнші алғашқыда елдің сөзінен қорыққанын жасырмайды.
Бұл туралы әнші 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.
«Әрине, көз көп, тіл де көп. Біреу олай айтады, біреу былай айтады. Жалпы біреудің өмірі біреуге жұмбақ қой негізінде. Дұрыс-дұрыс емес деп айтуға біздің хақымыз жоқ. Дұрыс-бұрысын бір Алла біледі.
Көруші де, естуші де – Алла. Өмір өзімдікі болғаннан кейін жаным нені қалайды, солай өмір сүремін. Бақытқа әр адам лайықты деп ойлаймын. Мен бәрібір өз дегенімді істейтін адаммын», – дейді әнші.
Алғашқыда сенімсіздік танытқан Ақбота құрбылары қолдау көрсеткеннен кейін еңсесін тіктегенін айтады.
«Қазіргі жолдасыммен дос болып, араласып, сөйлесіп жүрдік. Ұсыныс болғаннан кейін ойландым, әрине. Көп ойланасың ғой. Бір пәсте шешім қабылдау мен үшін оңай тиген жоқ. Бала-шағаны, үйдегі әке-шешеңді ойлайсың. Ел не дейді, жұрт не дейді деген сияқты сан пікірлер мазалаған жоқ емес. Әрине, мазалады. Бірақ жалғыздық Аллаға жарасқан дейді. Көп дос қыздарым керісінше мені құптады. Жалғыз жүргеннен қасыңда, үйде ұрысатын да бір адам керек қой. Ұрыстан Құдай сақтасын. Бірақ үйде ер азаматтың кіріп жүргені жақсы», – деп ағынан жарылды әнші.
Керімбекова тыңдармандарынан өзіне жақсы тілек айтуын, ал айта алмаған жағдайда сынға алмауды сұрайды.
«Өзім бұрыннан армандайтынмын, ата-ене көріп, келін болып, күшті ғой… Қайын әпкелерің, қайын ағаларың болып… Шүйіркелесіп, жинала қалып. Аллаға шүкір, сол арманым орындалды деп ойлаймын. Ал алдағы өмірім бір Аллаға ғана аян. Бірақ қолымыздан келгенше бақытты боламыз деп емес, бақытты қыламыз деп бел будық. Көп тілеуі көл дейді ғой. Сол себепті жақсы сөз айтпаса да, ештеңе демей ақ қойса екен деймін кейбір көрермендеріміз, кейбір сын-пікір айтушылар», – деп түйіндеді сөзін ол.
Айта кетейік, Ақбота Керімбекованың алдыңғы екі некесінен үш ұлы болса, оның жары Рауанның бір ұлы бар екен.
Жіберіп алмаңыз:
Тағы да кинодағы махаббат: Әсел Сәдуақасова мен Асқар Ұзабаевтың кездесіп жүргені рас па?
Баян Есентаева Ақботаның отбасылы азаматпен көңіл қосқанына режиссер Ұзабаевты кінәлаған
Баян Мақсатқызы мен Тұрсын Алагөзовтің интимді суреттері жарияланды
Алматыда Сивидің туған күніне сыйланған атышулы бар жабылып қалды