Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тағы да кинодағы махаббат: Әсел Сәдуақасова мен Асқар Ұзабаевтың кездесіп жүргені рас па?

Кино әлемі талай ғашық жандардың басын қосқан. Оған мысалды көптеп келтіруге болады. Қыз Жібек пен Төлегеннің рөлім сомдаған атақты актерлер Меруерт Өтекешова мен Құман Тастанбеков, бертініректе режиссер Ернар Нұрғалиев пен актриса Әсел Қалиева, ел аузынан түспей жүрген Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбет және т.б. Енді бұл тізімге бірнеше фильмді бірге түсірген режиссер Асқар Ұзабаев пен актриса әрі продюсер Әсел Сәдуақасова қосылуы мүмкін.

19120939_2307389062820398_7212956467605798912_n

31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасы қос өнер иесінен ел аузында жүрген әңгіменің нүктесін қоюды сұрады, деп жазады Stan.kz.

Сонымен, Ұзабаев пен Сәдуақасованы не байланыстырады?

Бұған режиссер: “Мен білмеймін. Бұл туралы Әселден сұрау керек шығар”, – деп не айтарын білмей қалды. Артынша: “Жоқ, екеумізді бірінші кезекте жұмыс байланыстырады”, – деп ақталды.

18580079_2025777974316732_1600778643871629312_n

Ал Әсел Сәдуақасова:

“Екеуміз өте жақсы доспыз. Ағалы-қарындастай… Шынымды айтсам, бұл сұраққа дұрыстап жауап бере де алмаймын. Бір жағынан өте жақын доспыз, ал бірақ жеке құпияларымызды да бір бірімізге айта береміз. Өзім «достық» деген сөзге онша сенбеймін. Бар болғаны өмірімде шынайы жақсы көретін, одан пайда іздемейтін адамдардың барына сенемін. Міне, Асқар да солардың бірі”, – деп ағынан жарылды.

узабаев асель 150617

Арамызды тек достық байланыстырады деген Әсел артынша ер мен әйелдің арасында достық болатынына сенбеймін деді. Сонда өз сөзіне өзі қарсы шығып отыр ма? Әлде кино әлемі байланыстырған бұл жұп та Дәурен мен Ақбота сияқты байланыстарын жасырып жүр ме?

асел мен узабаев 150617

«Уайымдамаңыздар, ештеңе жасырып жүрген жоқпыз. Өйткені біз ересек адамбыз. Арамызда бірдеңе болса, бұл жайында барлығы білер еді деп ойлаймын. Сондықтан бұл жағдайда өкінішке қарай, ештеңе жоқ», – деп күлді Әсел.

Десе де, жел тұрмаса шөптің басының қимылдамайтынын әрі халықтың қалып айтпайтынын білеміз. Не де болса шындықтың ақ-қарасын уақыт көрсетер.

18808919_1972602399640892_3684495432118960128_n

Айтпақшы байқағандарыңыздай желіде кино әлемінің қос маманының бірге түскен суреттері көп.

Еске сала кетейік, Асқар Ұзабаев пен Әсел Сәдуақасова қазіргі уақытта “Қазақ жігітіне ғашық болмаудың 5 себебі” атты кинокартинаны таспалауда. Бұған дейін режиссер мен продюсер “Келін де адам баласы” атты кинокартинаны көпшілікке ұсынған еді. Бір айта кетерлігі, қос фильмде де басты рөлді Әселдің өзі сомдайды.

Жіберіп алмаңыз:

Сәкен Майғазиевтің тұсау кескені үшін 1 000 доллар алатыны рас па?

Баян Есентаева Ақботаның отбасылы азаматпен көңіл қосқанына режиссер Ұзабаевты кінәлаған

Баян Мақсатқызы мен Тұрсын Алагөзовтің интимді суреттері жарияланды

Әдетте тек қазақша сұхбат беретін Қайрат Нұртас Нагиевпен орысша сөйлесті (видео)

Талқылау