Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш жігіт зорлады: Алматыда жоғалып табылған 15 жастағы қыз сұмдық жайттың бетін ашты

Алматыда жоғалып, 12 күннен кейін табылған қыз басынан өткен сұмдық жайтпен бөлісті. Есте болса, ақпанның 23 күні колледжден шыққан қыз үйіне қайтып оралмаған еді, кейін қызды бауырлары шарқ ұрып іздеп, көптен көмек сұраған.

15 жастағы қыздың сөзінше, оны үш жігіт зорлап, табылғанға дейін денесіне жарақат салып келіпті. Ал өзегі өксікке толған ана баласын ұрлап әкетіп, зорлық көрсеткендердің неліктен бостандықта жүргенін түсінбейді, деп хабарлайды Алматы арнасы.

15 жастағы оқушы қыз 23 ақпан күні ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Қыздың сөзінше, ол сабақтан кейін әлеуметтік желіде танысқан жігітпен «Саяхат» автовокзалы маңында кездесіпті. Жаңа досын бір жарым апта ғана таныса да қыз одан еш күдіктенбегенін айтады. Бірақ жігіт қызды кездестіре сала, көлігіне мәжбүрлеп басып алып, мекен-жайы белгісіз бөлмеде зорлаған. Кейін оны басқа екі жігітке тапсырған көрінеді. Қос азамат қыз табылғанға дейін оны тар қапаста ұстап, арам ойларын оңай жүзеге асырып келіпті. Тіпті жиі басынан ұрып, аштан аш ұстаған екен.

«Сыртынан ашты да құлыптап алды есікті. Ана жерде ешкім жоқ. Сол жерден бастап зорлады. Қатты қорықтым. Өлтіріп тастай ма деп. Таксиге отырғызды мені. Сол таксиге отырған кезде екі бала отырды жанымда. Күнде зорлады мені. Өзінен өзі ұрады мені келіп», – деді ол.

Анасы қызының жоғалғаны туралы полицияға хабарлапты. Тек тәртіп сақшылары оны 12 күннен соң тапты, дейді көп балалы ана. Енді неге екені белгісіз қазір қызын зорлаған үшеу бостандықта жүр екен. Полицейлер бұл сұмдық жәйтке қатысты қылмыстық істің қозғалғаны жөнінде жөнді ақпарат бермей келеді, дейді ол.

«Бұл істің қозғалғанын да, қозғалмағанын да, ана баланы тергегені де, термегені де мен білмеймін. Еш хабар жоқ. Мен бүгін барайын деп едім. «Сіз келмеңіз» деді. Енді мен амал жоқ үйде отырмын. Маған әділдік керек. Маған шындық керек. Басқа ештеңенің керегі жоқ. Қызымды таптаған, қорлаған қиянат жасаған адамдарды заңға тартсын!», – деді анасы.

Ал қалалық Ішкі істер басқармасы бұл істің мүлде басқаша өрбігенін айтады. Осы уақытқа дейін отбасынан безіп, құрбыларымен болған дегенді алға тартады. Тіпті «үйінен де өз еркімен кеткені анық» дейді қалалық Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

«Азаматша Наурызбай ауданына қарасты Алтын Орда сауда кешенінің маңында бүгін түнде табылған болатын. Анығы керек, біз оны табу үшін, кездесуге шақыру үшін онымен жолдас болып жүрген жігітті жұмылдырған болатынбыз. Өйткені, бұл қыздың байланысқа шығатыны анық. Бойжеткеннің бетімен кетуі бұл бекерден бекер емес. Яғни, отбасында қандай да бір кикілжің болуы мүмкін. Соны біз міндетті түрде анықтаймыз», – деді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Тәртіп сақшылары елімізде соңғы уақытта отбасындағы жанжалдың кесірінен жасөспірімдердің үйден кетіп қалу дерегі жиілегенін айтады. Осыдан кейін, сенімдеріне селкеу түспеген аңғал жастар көп жағдайда зорлық құрбаны болады. Ал жәбір көрген қызға қатысты «қыз зорлау» бабы бойынша сот алды тергеу жүріп жатқанын Жетісу аудандық Ішкі істер басқармасының тергеушісі телефонмен жеткізді.

Тағы да оқыңыз:

Орыс жігіті: Еркектер өзіміз пәкпіз бе, айналаңдағылар лас қазақ қыздары болса, қай жерде жүрсің, кет ол жерден (видео)

ОҚО тұрғыны кінәлілерге дәлел үшін ұлының тоққа түскен қолын пакетке салып алып жүр

“Астана-Арқалық” пойызының жолсеріктері толғағы келген жолаушы әйелді босандырды

Талқылау