Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орыс жігіті: Еркектер өзіміз пәкпіз бе, айналаңдағылар лас қазақ қыздары болса, қай жерде жүрсің, кет ол жерден (видео)

Желіде ер азаматтарға үндеуін жолдаған орыс жігітінің сөзі сүйектен өтті.

Соңғы кездері қоғамдық мәселелері көтеріп жүрген орыс жігіті енді ер азаматтардың қылығын сынады. Ол қазақ қыздарының абыройын сақтап, бірлікке келуді сұрады.

“Қоғамда қазақ бұзылып жатыр, қыздарымыздың беті ашылып жатыр деп жар салудамыз. Қыздар жаман екен, ал өзіміз пәкпіз бе, азаматтар? Қыздар бұзылса, оған қоғамның бұзылғаны себеп. Бірақ қазақтың қыздарын жамандап әлемге жария етпеші. Айналаңда тек лас қыздар жүрсе, қай жерде жүрсің, кет ол жерден, бауырым”, – дейді Сергей Ахметов.

Видеодан Сергейдің өзге де мәселелерге байланысты айтқан сөзін тыңдай аласыздар.

Сергей Ахметов бұған дейін Қазақстанға қарсы сөз айтқан Атамбаевқа үндеу жолдаған еді. Одан бөлек Қазақстандағы ғылым мәселесін сөз еткен болатын.

Қазақты қазақ неге жек көреді деген ол Абайдың өлеңінен үзінді жариялады.

“Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.
Таласып босқа,
Жау болып досқа,
Қор болып, құрып барасың….”, – деп жазады Сергей желіде. 

Тағы оқыңыз:

Алматыда 23 жастағы бойжеткенді таныс жігіті алдап жалдамалы пәтерге апарып зорлаған

ШҚО-да жүктілігін отбасынан жасырған әйел баласын даладан тауып алдым деп әкелген

Шымкент тұрғыны үш полицейдің өзін ұрып-соғып ауруханадан бір-ақ шығарғанын айтты

Талқылау