Жұқпалы ауру емес: Мамандар Каспий итбалықтарының жаппай қырылу себебін түсіндірді

Каспий итбалықтарының жаппай қырылуына не себеп болғаны белгілі болды. Мамандардың айтуынша, жануарлардың өлімі газдардың бөлінуі мен жер асты дүмпулерінен туындаған тұншығуға байланысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов жануарлардың қырылуына қатысты негізгі нұсқа – асфиксия, яғни газдардың бөлінуі мен жер асты жер сілкіністерінен туындаған тұншығу екенін айтты. Итбалықтардан жұқпалы аурулар анықталмаған.
2024 жылы рекордтық көрсеткіш тіркеліп, шамамен 2 мыңға жуық итбалық қырылған. Ал 2026 жылы әзірге 235 өлексесі табылған. Мамандардың айтуынша, жануарлардың қырылуы Каспий теңізінің барлық аумағында байқалады. Ал дауылды желдер олардың денелерін Қазақстан жағалауына шығарып тастаған.
Итбалықтардың санын сақтау мақсатында Ақтауда "Каспий итбалығы" мемлекеттік табиғи резерваты құрылып, олардың көшу бағыттарындағы кеме қозғалысына шектеу қойылды және балық аулау аймақтары қайта қаралды.
Еске салсақ, Каспий жағалауынан табылған өлі итбалықтар саны күрт артқаны туралы хабарлаған едік. Өлі итбалықтар саны 97-ден 191-ге дейін өскен.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Оқыңыз