Қорқыт ата университетінде "Корпоративтік менеджмент және цифрлық трансформация – 2026" тақырыбында республикалық форум өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен өңірде алғаш рет "Корпоративтік менеджмент және цифрлық трансформация – 2026" республикалық форумы өтті. Ауқымды іс-шара корпоративтік басқаруды жетілдіру, цифрлық трансформацияны жеделдету және басқару тиімділігін арттыру мәселелерін талқылауға арналды.
Форумның ашылуында университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов, Директорлар кеңесінің төрағасы Ерлан Әбіл, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаменті директорының орынбасары Гүл Жүсіпова, Орталық Азия корпоративтік хатшылар қауымдастығының атқарушы директоры Жардем Құрмангазиев сөз сөйледі.

Форум аясында корпоративтік басқару, ішкі аудит және тәуекелдерді басқару, комплаенс және дауларды шешу, сондай-ақ цифрлық трансформация және тиімді менеджмент бағыттары бойынша төрт тақырыптық секция ұйымдастырылды. Воркшоптар мен панельдік пікірталастарда қатысушылар тәжірибе алмасып, кәсіби ұсыныстар әзірледі. Бұдан бөлек, форум аясында өңірдің цифрлық дамуына серпін беретін стратегиялық меморандумға қол қойылды.

Жиынға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен жоғары оқу орындарының өкілдері, директорлар кеңесінің мүшелері, корпоративтік хатшылар, ішкі аудит және комплаенс қызметтерінің мамандары, мемлекеттік мекемелердің, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді