Ақтауда кафеде ер адам келушілердің бірінің бетіне оқ атқан
Ақтауда кафеде отырған ер адамның бетіне біреу келіп оқ атып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 8 шілдеге қараған түні, шамамен сағат 01:00-де болған.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталды.
Зардап шеккен азаматқа медициналық көмек көрсетілді. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның өзге мән-жайы мен қатысушылардың әрекетіне берілетін құқықтық баға әзірге жарияланған жоқ.
Жатақхананы аңдып, студент қыздарды зорлаған: ҚазҰУ-ды дүр сілкіндірген маньяк қалай ұсталды?
Қылмыскер барлық қызды бірдей әдіспен өлтіріп, денелерін жатақхана маңына көмген
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
