Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тағы үш ірі трасса ақылы жүйеге көшті

Жол тағы үшеуі ақылы
Фото: ҚазАвтоЖол

Қазақстанда ақылы жолдар саны артады. 10 шілдеден бастап үш ірі автожол учаскесінде көлік жүргізушілерінен ақы алына бастайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазавтожол компаниясының мәліметінше, 10 шілдеден бастап ұзындығы 645,6 шақырым болатын Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал автожолының бір бөлігі ақылы болады. Оның 91 шақырымы бұрыннан ақылы болса, тағы 554,6 шақырымы алғаш рет ақылы жүйеге қосылады. Бұл учаскеде көлік сағатына 140 шақырым жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі. Сонымен қатар Бурылбайтал – Күрті бағытындағы ұзындығы 80 шақырым жолда да ақы алу басталады. Бұл учаскеде де ең жоғары жылдамдық – 140 км/сағ.

Ал 11 шілдеден бастап ұзындығы шамамен 773 шақырым болатын Талдықорған – Өскемен автожолы ақылы болады. Бірінші санаттағы жолдарда сағатына 110 шақырымға дейін, екінші санаттағы жолдарда 100 шақырымға дейін жылдамдықпен жүруге болады. 

"ҚазАвтоЖол" компаниясының мәліметінше, барлық учаскелердегі қажетті инфрақұрылым дайындалған.

“Жол ақысы автоматты түрде есептеледі. Бақылау аркаларынан өткен кезде камералар көліктердің мемлекеттік нөмірлерін тіркейді", – деді компания өкілдері.

Ақылы жолдарға жақын орналасқан ауылдар мен қалалардың тұрғындары үшін абонемент алу мүмкіндігі қарастырылған. Оны сол аумақта тіркелген көлік иелері рәсімдей алады. Абонемент бір айға немесе бір жылға беріледі. Ал құны көлік санаты мен жүк көтерімділігіне байланысты болады.

Гүлсезім Мұхатай
Бейсенбі, 09 Шілде, 2026 17:04