Яндекс Go мен Helios Алматы-Шымкент бағыты бойындағы жанармай құю бекеттерін безендірді

Яндекс Go мен Helios жанармай құю бекеттері желісі "Жақындарға апарар жол" атты бірлескен жобаны іске қосты. Алматы – Шымкент бағыты бойында орналасқан Helios-тың жеті жанармай құю бекетінде қазақстандық суретші Қарлығаш Исмағұлованың авторлық иллюстрациялары, тақырыптық кофе стақандары, "Қалааралық" сервисінің танымал бағыттары бейнеленген иллюстрациялық карталар және арнайы безендірілген кеңістік пайда болды.
Алматы – Шымкент – Қазақстандағы ең танымал қалааралық бағыттардың бірі. Күн сайын бұл жолмен туған-туысына, жақындарына, жұмыс бабымен немесе демалысқа жол тартатын мыңдаған адам қатынайды. Сондықтан бірлескен жобаны дәл осы бағытта жүзеге асыру туралы шешім қабылданды.

Жоба аясында Қарлығаш Исмағұлова Алматы, Тараз, Шымкент және еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы өзге де қалалардан шабыт алып, арнайы иллюстрациялар топтамасын әзірледі. Бұл жұмыстар жанармай құю бекеттерінің безендірілуінде, кофе стақандарында, "Қалааралық" сервисінің бағыт карталарында және навигациялық материалдарда қолданылды.

Жобаға қатысатын Helios жанармай құю бекеттерінің келушілері тақырыптық стақандағы кофеден дәм татып, "Қалааралық" сервисінің танымал бағыттары көрсетілген иллюстрациялық картаны тегін ала алады. Сондай-ақ жоба аясында арнайы әзірленген өзге де безендіру элементтерімен танысуға мүмкіндік бар.

"Қалааралық сапарлар – Қазақстандағы көптеген адам үшін күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі. Біз Helios-пен бірге жолдағы үйреншікті аялдаманы ерекше әсер сыйлайтын орынға айналдырғымыз келді. Сол себепті Яндекс Go сервистерін қазақстандық суретшінің жұмыстарымен ұштастырып, үлкен жолдағы сапарды шағын әсерге айналдыруды көздедік. Бұл жоба адамдарды жиірек сапарға шығып, жаңа бағыттарды ашуға және жақындарымен жиі қауышуға шабыттандырады деп сенеміз", – деді Қазақстандағы Яндекс Такси сервисінің басшысы Руслан Саитов.

31 шілдеге дейін Яндекс Go пайдаланушылары үшін арнайы ұсыныстар қолжетімді. HELIOS промокоды арқылы "Қалааралық" сервисіндегі "Жолсеріктермен" тарифімен алғашқы сапарға 50% жеңілдік, сондай-ақ Яндекс Go қолданбасындағы "Жанармай" сервисі арқылы Helios жанармай құю бекеттерінде жанармай ақысын алғаш рет төлегенде 5% жеңілдік алуға болады.

"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді