Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда 5 жасар бала әлемде сирек кездесетін генетикалық дертке шалдықты: Анасы халықтан көмек сұрады

Сирек кездесетін дерт бала
Фото: сюжет кадрларынан скрин

Көкшетаулық отбасы бес жасар ұлының өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатыр. Ислам сирек кездесетін генетикалық дертке шалдыққан. Оны емдеуге қажет жалғыз препараттың құны – 1,5 миллиард теңге керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Баланың анасы Гүлсім Әубәкірова мен әкесі Марат Әубәкіров мұғалім болып жұмыс істейді. Оның екі ұлы бар. Кенжесі Ислам бес жасқа толғанда тісін емдетпек болып, қан талдауын тапсырған.  Сол кезде дәрігерлер тосыннан осы диагнозды қойған. Бұл дертте баланың денесін біртіндеп май басады. 8-11 жасқа дейін өзі жүріп, кейін қозғалуы қиындайды екен. Көбіне бұл дертпен ер балалар ауырады екен.

“Ислам мектепке барса деп армандаймын. Бізге көмек қажет, 1,5 миллиард теңге қажет. Бір ғана дәрі бар, бір ғана екпе. "Элевидис" деген препарат.  Дубайда клиникада беріледі. Тек қана осы екпе бізге көмектесе алады”, – деді анасы Гүлсім.

Бүгінге дейін 20 миллиондай қаржы жиналған. Ислам өздігінен басын көтеріп, тұра алмайды. Балдақпен жүруі де қиын. Тез шаршап қалады.

“Бұл – балалар 10 жасқа қарай жүруден қалып, 20 жасқа қарай қайтыс болатын сирек кездесетін генетикалық ауру. Осыған байланысты біз қаражат жинауды бастадық. Қажет соманы тезірек жинағымыз келеді. Отбасымыз үшін бұл көтере алмайтын өте үлкен сома – 1,5 миллиард теңге. Өтінеміз, шамаларыңыз келгенше көмек берсеңіздер”, – деді Исламның әкесі Марат.

Елімізде дәл осындай сырқатқа шалдыққан тағы екі балаға демеуші табылып, олар тиісті емге қол жеткізген екен. Бұл жағдай Гүлсім мен Маратқа үлкен жұбаныш. Сондықтан олар жанашырлық танытып, бейжай қарамайтын азаматтардан көмек күтеді. Ақша неғұрлым ерте жиналса, соғұрлым Исламның ғұмырын да ұзартып, қазіргі қалыпты жағдайын сақтауға мүмкіндік береді дейді анасы.

КАСПИЙ БАНК: 87789395335  

Халық банк: 87789395335 Марат А (әкесі)

Гүлсезім Мұхатай
Бейсенбі, 09 Шілде, 2026 11:41