Демалыс кезінде күтпеген шығыннан қалай сақтануға болады

Шетелге саяхаттауды жоспарлаған кезде көпшілік алдымен әуе билетін алып, қонақүй брондайды, маршрут құрады. Ал сақтандыру мәселесі көбіне кейінге қалып қояды немесе виза үшін ғана қажет құжат ретінде қабылданады. Алайда іс жүзінде сақтандыру полисі шұғыл жағдайда денсаулықты ғана емес, қаржыны да қорғайтын маңызды құралға айналады.
Саяхат кезінде бәрі жоспар бойынша бола бермейді. Климаттың өзгеруі, үйреншікті емес тағам, кездейсоқ жарақат немесе қарапайым тұмаудың өзі демалысты бұзып қоймай, өзге елде қомақты шығынға ұшыратуы мүмкін. Кей мемлекеттерде дәрігердің бір реттік қабылдауының өзі ондаған, тіпті жүздеген еуро тұрады. Ал ауруханаға жату қажет болса, шығын бірнеше мың долларға дейін жетуі ықтимал.
Сондықтан туристік сақтандыруды виза алу үшін қажет формальді құжат емес, күтпеген жағдайлардан қорғайтын қаржылық қауіпсіздік құралы ретінде қарастырған жөн.
Сақтандыру қашан қажет болады?
Мысалы, Қазақстаннан Түркияға немесе Таиландқа демалуға барған турист тамақтан уланып қалды делік. Бейтаныс елде аурухана іздеу, дәрігерлермен тіл табысу және емделу ақысын төлеу оңай емес. Осындай жағдайда туристік сақтандыру көмекке келеді. Сақтандыру компаниясының серіктес қызметі қажет медициналық көмекті ұйымдастырып, полис шартында көрсетілген шығындарды өтейді. Қажет болған жағдайда дәрігердің кеңесі, ем алу немесе ауруханаға жатқызу мәселесі де шешіледі.
Тағы бір жиі кездесетін жағдай – демалыс кезіндегі жарақаттар. Экскурсияда тайып құлау, жағажайда жарақат алу немесе белсенді демалыс кезінде денсаулыққа келген зиян қалтаңызға ауыр тиюі мүмкін. Кейде мұндай шығындардың көлемі сақтандыру полисінің бағасынан он есе көп болуы да ғажап емес.
Полис рәсімдер алдында нені ескеру керек?
Мамандар сақтандыруды таңдағанда бағасына ғана қарамауға кеңес береді. Ең алдымен қандай тәуекелдер қамтылатынын, сақтандыру сомасының көлемін және қандай жағдайларда көмек көрсетілетінін мұқият зерттеген жөн.
“Қазір саяхатқа шығатын адамдардың көбі сақтандырудың қажет құрал екенін түсінеді. Оның үстіне нарықта түрлі ұсыныстар: ұшпай қалудан сақтандыру, шұғыл ауруханаға түсіп қалу, теңіз жануарларының шағуынан сақтандыру, аллергиялық реакцияға сақтандыру және т.б. Себебі шетелде медициналық көмек біздің елмен салыстырғанда әлдеқайда қымбат”, – деді Қазақстан туризм қауымдастығының төрағасы Рашида Шайкенова.
Сонымен қатар сақтандыру компаниясының серіктес қызметінің байланыс нөмірлерін сақтап қойған маңызды. Өйткені сақтандыру керек жағдай болғанда алдымен сол қызметке хабарласу қажет. Кейбір туристер бірден өз бетінше клиникаға жүгінеді. Мұндай жағдайда кейін шығынды өтеу кезінде қиындықтар туындауы әбден мүмкін.
Сондықтан сақтандыру жағдайы болған кезде алдымен полисте көрсетілген байланыс орталығына хабарласып, мамандардың нұсқауын орындаған дұрыс.
Саяхатшы Жанар Жансейіт отбасымен жиырмадан аса елде болған. Осы аралықта жинаған тәжірибесін бөліскен ол туристік сақтандырудың сапардағы ең маңызды құрал екенін айтады.
“Отбасымызбен саяхаттағанды жақсы көреміз. Бүгінге дейін бала-шағамызбен жиырмадан аса елде болыппыз. Біз үшін сақтандыру – негізгі құралдың бірі. Негізінен қызмет түрі кеңейтілген сақтандыруды таңдаймыз. Ал дәл осындай ұсыныс Halyk сақтандыру компаниясында бар”, – деді саяхатшы
Қандай сақтандыруды таңдаған дұрыс?
Сапардың мақсатына қарай сақтандыру бағдарламасын да өзіңізге ыңғайлап таңдауға болады. Halyk Insurance саяхатшылар үшін бірнеше түрлі бағдарлама ұсынады.
Өзіңізге лайық полисті құрастыру
Қажетті қорғаныс түрлерін өзіңіз таңдап, тек керек қызметтер үшін төлем жасайсыз. Бұл сақтандыруды жеке қажеттілігіңізге бейімдеп, артық шығынды азайтуға мүмкіндік береді.
Максималды пакет
Негізгі медициналық сақтандырудан бөлек қосымша қызметтерді қамтитын кеңейтілген сақтандыру бағдарламасы. Спортпен айналысатындарға арналмаған.
Спорттық пакет
Спортшыларға арналған максималды қорғаныс. Төтенше жағдайда ауруханаға жатқызылған кезде сақтандыру төлемдері қарастырылған. Төлем сомасы 100 000 еуроға дейін.
Көп мәрте сапарларға арналған сақтандыру
Ұзақ уақыт бойы шетелге жиі шығатын адамдарға арналған сақтандыру бағдарламасы.
Сонымен қатар демалыстың түріне қарай (белсенді не жағажайдағы тыныш демалыс) сақтандыру түрін таңдай аласыз.
Тыныш демалыс, келесі белсенділіктерді қамтиды:
- Аэробика;
- Жағажайдағы демалысы;
- Серуендеу;
- Балық аулау;
- Фитнес;
- Йога;
- Пилатес.
Белсенді демалыс, бұл келесі белсенділіктерге арналған:
- Велосеруен;
- Жүгіру;
- Аквапаркқа бару;
- Джип-сафари;
- Жағажай волейболы.
Спорт, бұл келесі спорт түрлерін қамтиды:
- Баскетбол;
- Футбол;
- Волейбол;
- Триатлон;
- Серфинг;
- Теннис;
- Хоккей.
Экстремалды спорт және ойын-сауық, келесі белсенділіктерді қамтиды:
- Автоспорт;
- Кроссфит;
- Паркур;
- Рафтинг және басқа да экстремалды спорт түрлері.
Демалыс кезінде үйіңізді де қорғауға болады
Саяхатқа шыққанда көпшілік өз денсаулығын ойлайды. Әйткенмен қауіп шетелде ғана емес, үйде де туындауы ғажап емес екенін естен шығармау керек.
Мысалы, сіз отбасыңызбен Еуропада немесе Түркияда демалып жүрсіз. Осы уақытта пәтердегі құбыр жарылып, көршілерді су басып қалды немесе электр желісіндегі ақаудан өрт шықты делік. Мұндай жағдайда елге бірден оралып, мәселені шешу оңай жұмыс болмайды.
Сондықтан Halyk Insurance туристік сақтандырумен қатар "Уайымсыз демалыс" бағдарламасын ұсынады. Бұл өнім саяхат кезінде қараусыз қалған тұрғын үйді күтпеген жағдайлардан қорғауға арналған.
Бағдарлама аясында пәтердің ішкі әрлеуіне, инженерлік жүйелеріне және мүлікке келген шығындар өтеледі. Сондай-ақ көршілерге келтірілген залал үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік те қарастырылған.
Мысалы, сіз демалыста жүрген кезде құбыр жарылып, төменгі қабаттағы көршілердің төбесі мен қабырғаларына зақым келді делік. Мұндай жағдайда сақтандыру жөндеуге кеткен шығындарды өтеуге көмектеседі. Осылай бір полис шетелдегі денсаулығыңызды қорғаса, екіншісі үйіңізді күтпеген жағдайлардан сақтайды. Әсіресе, ұзақ сапарлар мен отбасылық демалыстар кезінде мұндай қосымша қорғаныс үлкен көмек болуы мүмкін.
Көп адам сақтандыруды виза алу үшін ғана рәсімдейді. Алайда іс жүзінде ол – саяхат кезіндегі қаржылық қауіпсіздіктің маңызды бөлігі. Полистің құны демалыс бюджетімен салыстырғанда көп емес. Бірақ күтпеген жағдай болғанда, ол мыңдаған доллар көлеміндегі шығыннан қорғауы мүмкін.
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді