Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында жұбайына қайта-қайта қоңырау шалған ер адам 10 тәулікке қамалды

қайта-қайта хабарласқан ер адам
Фото: depositphotos.com

Жамбыл облысында жұбайының мазасын алып, қайта-қайта қоңырау шалған ер адам 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мойынқұм аудандық сотының мәліметінше, 2026 жылдың маусымында азаматша Д полицияға қоңырау шалып шағымданған. Айтуынша, оның заңды жұбайы С тұрғылықты жеріне келіп, оған бірнеше рет қоңырау шалып, осылайша тыныштығын бұзған. Өз әрекеттерімен С тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғаларынан кейін сол айда берілген қорғау нұсқамасын бұзған. Азамат С қорғау нұсқамасын бұзып, жұбайына хабарласа берген.

Сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады (ӘҚБтК 461-бабының 1-бөлігі). Кінә тараптардың айғақтарымен, хаттамамен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

“Сотта құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады. Сот кінәні мойындауын және жасаған ісіне өкініш білдіруін жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот қаулысымен С Әкімшілік кодекстің 461-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 10 тәулік әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енді”, – делінген хабарламада.

Гүлсезім Мұхатай
Бейсенбі, 09 Шілде, 2026 12:22