Қазақстанда шошқа тұмауының алғашқы жағдайлары анықталды
Қазақстанда A(H1N1) деп аталатын шошқа тұмауының бес жағдайы тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Денсаулық сақтау министрлігі тіркелген жағдайдың үшеуі Астанада, екеуі Маңғыстау облысында анықталғанын хабарлады.
Соңғы аптада ЖРВИ-мен сырқаттану деңгейі 10%-ға төмендеген. Дегенмен осы кезеңде 127 мыңнан астам жағдай тіркелді. Ал қыркүйектің басынан бері ЖРВИ-мен ауырғандар саны 760 мыңнан асты.
Соңғы аптада елде 127 266 жағдай тіркелді. Алдыңғы аптада бұл көрсеткіш 140 273 болған.
Зертханалық зерттеулер басқа да вирустардың таралып жатқанын көрсетті. Атап айтқанда:
- Риновирус инфекциясы — 68 жағдай;
- Маусымдық коронавирус — 47;
- Бокавирус инфекциясы — 50;
- Парагрипп — 32;
- Аденовирус инфекциясы — 27;
- Респираторлық-синцитиалды инфекция — 2;
- Метапневмовирус инфекциясы — 1.
Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинация жалғасып жатыр. Қазірдің өзінде 240 мыңнан астам адам екпе алған. Тегін вакцинация үшін 2,1 миллион доза сатып алынған.
Денсаулық сақтау министрлігі қазан айы екпе алуға қолайлы кезең екенін еске салды. Себебі вакцинадан кейін иммунитет шамамен екі аптада қалыптасады.
Дәрігерлер қолды жиі жуып, бөлмелерді желдетуге және науқас адамдармен байланыстан аулақ болуға кеңес береді. Ауру белгілері байқалса, үйде қалып, дәрігерге қаралған жөн.
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған

