Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

JAC жаңартылған JS6 моделін таныстырып, ауқымды тест-драйв өткізді

Allur автокөлік компаниясының құрамына кіретін JAC Motors Qazaqstan компаниясы JAC Drive | The New JAC JS6 іс-шарасы аясында жаңартылған JAC JS6 моделін таныстырды.

Іс-шара барысында брендтің бүкіл модельдік қатары қамтылған ауқымды тест-драйв ұйымдастырылды. Ал шараның басты оқиғасы жаңартылған JAC JS6 моделінің тұсаукесері болды.

JAC2

Қонақтар Қазақстанда алғашқылардың бірі болып жаңартылған модельмен танысып, презентациядан кейін JS6 көлігін арнайы трассада жеке сынап көрді. Осылайша, олар автокөліктің мүмкіндіктерін қозғалыс үстінде бағалап, оның динамикалық сипаттамаларымен жақынырақ танысты.

Жаңартылған JAC JS6 кроссоверде 174 аттың күші бар, максималды айналу моменті 280 Н·м болатын 1,5 литрлік бензинді турбоқозғалтқышпен жабдықталған. Автокөлік алдыңғы жетекті жүйеге ие. Кең салоны мен сыйымды жүксалғышының көлемі 1 080 литрге дейін жетеді. Модельдің габариттері — 4 605 × 1 890 × 1 700 мм, ал доңғалақ базасы — 2 720 мм.

Автокөліктің сыртқы дизайны да жаңартылған. Атап айтқанда, радиатор торымен біріктірілген жаңа алдыңғы бампер, күндізгі жүріс шамдарының жаңартылған дизайны және артқы бампердің жаңа нұсқасы ұсынылды.

Көлік шанағының 70%-ы жоғары берік болаттан жасалған. Артқы қатардағы жолаушыларға арналған орындықтарда жылыту функциясы және USB Type-C қуаттау порттары да бар.

JAC3

Модель сымсыз Apple CarPlay және Android Auto жүйелерін қолдайтын жаңа мультимедиялық жүйемен, сондай-ақ смартфонды сымсыз қуаттау функциясымен жабдықталған. Екі аймақты климат-бақылау жүйесін басқаруға арналған физикалық батырмалар да қарастырылған.

Автокөлікке жаңа 7 сатылы роботтандырылған беріліс қорабы орнатылған.

Қазақстанда жаңартылған JAC JS6 екі комплектацияда ұсынылады:

  • Luxury — 9 590 000 теңге;
  • Intelligent — 9 990 000 теңге

Автокөлік, комплектациялар, сатып алу шарттары және қолжетімділігі туралы өзекті ақпаратты Қазақстан бойынша орналасқан JAC ресми дилерлік орталықтарынан алуға болады.

JAC4

Іс-шара аясында JAC компаниясы өз модельдік қатарын тест-драйв форматында бірден үш арнайы алаңда таныстырды. Қатысушылар жолсыз жерге арналған оффроуд алаңында, картинг трассасында және дрифтке арналған арнайы трассада автокөліктердің мүмкіндіктерін сынап көрді.

Жарыс форматындағы сынақтар қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Қонақтар кедергілері бар арнайы дайындалған тас жолды ең қысқа уақытта бағындыру үшін өзара бақ сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен үш финалист анықталып, оларға естелік сыйлықтар табысталды.

JAC6

JAC Drive форматы қонақтарға жаңа модельді жақынырақ таныстырып қана қоймай, көлікті жүргізіп, тәжірибеден өткізуге мүмкіндік берді. Қатысушылар автокөліктерді әртүрлі тас жолдарда сынап, олардың мүмкіндіктерін тәжірибеден өткізіп, баға бере алды.

Айым Болатқызы
Жұма, 09 Қазан, 2026 20:17