Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1 миллион теңгесін бөтенге аударған қазақстандық оны ай сайын 50 мың теңгеден қайтарды

ақша аударым алаяқ
Фото: magnific.com

Қостанай облысында алаяқтардың кесірінен 1 миллион теңгесінен айырылған азамат ақшасын сот арқылы қайтарып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Іс материалдарына сәйкес, алаяқтарға алданып қалған азамат мобильді қосымша арқылы басқа адамның есепшотына 1 миллион теңге аударған.

Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол жәбірленуші деп танылған.

Кейін азамат ақшасын қайтару үшін сотқа жүгінген. Сот барысында тараптар судьяның көмегімен келісімге келді.

Келісім бойынша, ақшаны алған адам 1 миллион теңгені ай сайын 50 мың теңгеден иесіне қайтарып отыратын болды. Сот келісімді бекітіп, істі тоқтатты.

Айым Болатқызы
Жұма, 09 Қазан, 2026 22:45